Кемел Тоқаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кемел Тоқайұлы Тоқаев
Туған күні

2 қазан 1923 (1923-10-02)

Туған жері

Қаратал ауданы, Алматы облысы

Қайтыс болған күні

6 қазан 1986 (1986-10-06) (63 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО

Мансабы

жазушы

Жанры

пьеса, детектив

Кемел Тоқаев (2 қазан 1923, Алматы облысы, Қаратал ауданы6 қазан 1986, Алматы) — жазушы. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан.

  • Жұбайы - Тұрар Шабарбаева (1931—2000)
  • Балалары: ұлдары - Қасым-Жомарт, Бақыт және Қанат; қыздары - Қарлыға мен Қарлығаш

Қызмет жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендері
  • екі мәрте «Ерлігі үшін» медалі
  • басқа көптеген медальдар
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталары
  • КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасы
  • КСРО Ішкі істер министрлігінің омырауға тағатын арнаулы белгісі
  • Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980).

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
  • «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
  • Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954;
  • Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958;
  • Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975;
  • Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976;
  • Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976;
  • Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976;
  • Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975;
  • Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977;
  • Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981;
  • Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983;
  • Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]