Мазмұнға өту

Каспийлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Каспийлер

Каспийлер (грек. Κάσπιοι Kaspioi, арам. kspy, груз. კასპიელები kaspielebiʿ, грабар կասպք kaspkʿ, парс. کاسپین‎ Kāspiān) — б.з.д. І мыңжылдықта Каспий теңізінің оңтүстік және оңтүстік-батыс далалы аймақтарында мекендеген көшпелі тайпалар. Алғаш рет б.з.д. V ғасырда сақтардың жанында тұратын XI және XV аудандарында Ахеменидтердің алым-салық төлеуші ретінде (сатрапия) Геродот айтып кеткен. Б.з.д. I ғасырда басқа елдермен тұтасып кетті. Каспийлердің атауы бойынша Каспий теңізі, сондай-ақ Каспийдің тарихи аймақтарының бірі - Каспиана өзінің атын алды.

Каспийлердің шығу тегі әлі де бір тоқтамға келген жоқ. Каспий үндіеуропалық тайпаларға дейінгілер деп саналады; Эрнст Герцфельд белгілі тілдерге қатысы жоқ тілде сөйлейтін б.з.д. 2-ші мыңжылдықтағы Иранның таулы аймағының касситтеріне ұқсатады. И.М. Дьяконов каспийлерді каситтерге туыстас деп санаған. Дегенмен, Р. Фрай касситтер пен каспийлерді бірдей деп санауға қарсы болды.

1971 жылы Пьер Гэло (фр. Pierre Grelot) каспийлерге қатысты Мысырдан шыққан арамей папирусындағы ономастикалық ақпаратты жариялады. Бұл ақпаратқа негізделе отырып каспийлерді не иран тектес немесе иранның күшті ықпалында деп қорытынды жасауға болады.

Олар туралы ақпарат ежелгі және армян дереккөздерінде сақталған.