Мазмұнға өту

Калимантан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Калимантан
индон. Kalimantan, малайша Borneo
Сипаттамасы
Ауданы743 330 км²
Ең биік нүктесі4095 м
Тұрғындар (2010 жыл)19 800 000 адам
Халық тығыздығы26,637 адам/км²
Орналасуы
1°00′00″ с. е. 114°00′00″ ш. б. / 1.00000° с. е. 114.00000° ш. б. / 1.00000; 114.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 1°00′00″ с. е. 114°00′00″ ш. б. / 1.00000° с. е. 114.00000° ш. б. / 1.00000; 114.00000 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияТынық мұхит
Елдер Индонезия
 Бруней
 Малайзия
Калимантан (Индонезия)
Калимантан
Калимантан (Малайзия)
Калимантан
Калимантан Ортаққорда

Калимантан (индон. Kalimantan) немесе Борнео (малайша Borneo ) — Үлкен Зонд аралдары құрамында, Малай топаралындағы ең үлкен арал. Аумағы 734 мың км². Аралдың басым бөлігі (540 мың км²) Индонезия иелігінде, қалған бөлігінде Малайзияның провинциялары және Бруней мемлекеті орналасқан.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Калимантан аралы Оңтүстік Қытай, Сулу, Сулавеси, Ява теңіздерімен қоршалған. Теңіздерден Каримата және Макасар бұғаздары бөліп тұрады. Аралдың жағасы, негізінен, жалпақ, батпақты келген. Геологиялық құрылымы жөнінен Калимантанның Солтүстік-батыс бөлігі мезозойға дейінгі Зонд платформасына, Оңтүстік мен шығысы мезозойлық және альпілік қатпарлы өңірге жатады. Жері, негізінен, таулы. Орталық мен Солтүстік-шығысында жақпар тасты жоталар мен таулы қыраттар орын алған. Аралдың ең биік жері де (Кинабалу тауы, абсалют биіктігі 4101 м) осында орналасқан. Оңтүстік мен батысында төбелі жазықтар мен батпақты ойпаттар басым. Климаты экваторлық және субэкваторлық. Жағалауындағы жылдық орташа температура 25 – 270С, таулы өңірде біршама салқын. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері таулы аймақтарда 5000 мм, жазық өңірлерде 2000 – 3000 мм. Ірі және суға мол өзендері: Капуас, Барито, Махакам. Күлгін латеритті топырақ басым.

Флорасы мен фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Калимантан аралының басым көпшілік бөлігін (3/4 бөлігін) мәңгі жасыл орман көмкерген. Өсімдіктің 11 мыңға жуық түрі кездеседі. Аралда биологиялық резерваттар көп. Жануарлардан піл, ірі маймылдар (орангутан, гиббон), аю (салм. 65 кг ең кішкентай малай аюы – бируан тіршілік етеді), керік, жабайы өгіз, т.б. кездеседі; құстың 600-ден астам түрі мекендейді.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арал тұрғындарының негізгі кәсіпшілік ететін дақылдары: күріш, гевея, копра, кокос пальмасы, каучук ағашы. Жағалауларында балық аулау кәсіпшілігі дамыған. Калимантан аралында мұнай мен газдың кен орны мол. Ірі қалалары: Понтианак, Банджармасин, Самаринда (Индонезия), Кучинг (Малайзия), Бандар-Сери-Бегаван (Бруней).

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]