Мазмұнға өту

Ижанов Зияда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ижанов Зияда (29 наурыз 1929 жылы туған, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылы — 2006, Алматы) — Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.

Қызылорда пединститутын бітірген (1950). КСРО және Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері.

Тереңөзек ауданы «Көкпая» колхозында колхозшы (1941—1946), Гурьев (қазіргі Атырау), Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағатында, Қазақстан республикасы ғылым академиясының тарих және этнология институтында, Қазақстан республикасы Президентінің мұрағатында мұрағатшы-аудармашы (1992—2004) қызметтерін атқарған. Қазан 2004 жылдан бастап «Ана тілі» газетінде тілші, осы жылдың мамыр айынан бері «Өлке» баспасында жауапты редактор болып істейді.

400-ден астам мұрағаттық зерттеу мақалалары мен «Ащы сабақтар» кітабының авторы. Қазақстан республикасы ғылым академиясының тарихи және этнология институты шығарған «Қаһарлы 1916 жыл», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің 85 жылдық шежірелері, Қазақстан республикасы FA-ның тарих және этнология институты мен Қазақстан республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты шығарган «Әуезов және мұрағат» жинақтары мен «Махамбет энциклопедиясы», «Қызыл қоға ауданының энциклопедиясы» құрастырушылардың бірі.

Қазақстан республикасы Президенті мұрағаты шығарган «Қазақстан халық комиссарлары» деген көлемді еңбекті орыс тілінен қазақ тіліне аударған.

1941 — 1945 согыс жылдарындагы «Ұлы Отан соғысындагы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық», Алматы, «Білім» баспасы, 2005 жыл — 576 бет. ISBN 9965-09-134-X