Мазмұнға өту

Аптекалық жанжабіл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Зімбір бетінен бағытталды)
Аптекалық жанжабіл

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Zingiberales
Тұқымдасы: Zingiberaceae
Кіші тұқымдасы: Zingiberoideae
Тайпасы: Zingibereae
Тегі: Zingiber
Түрі: Z. officinale
Екі-есімді атауы
Zingiber officinale
Roscoe 1807

Аптекалық жанжабіл немесе Апетекалық зімбір немесе Кәдімгі жанжабіл (лат. Zingiber officinale) – жанжабілдер тұқымдасының жанжабіл тегінің көпжылдық шөптес өсімдігі.

Аптекалық жанжабіл Оңтүстік Азия елдерінен шыққан. Қазіргі таңда жабайы түрінде кездеспейді. Қытай, Үндістан, Индонезия, Аустралия, Батыс Африкада, Ямайкада және Барбадоста өсіріледі. Зімбір Азия, Австралия, Жапония, Үндістанның тропикалық аймақтарында, Оңтүстік Америка мен Батыс Африкада өседі.

Орта ғасырларда Еуропаға көпестермен бірге келіп, содан бері татымдылық ретінде және дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.

XVI ғ-дың басында Америка елдеріне еніп, ол жақта да кең таралған.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сабағы тік, 1 м-ге дейін, тамыр сабағы ет-женді, құрамында эфир майы болғандықтан сүйкімді хош иісті, бірақ гингерол терпенінің әсерінен дәмі ащы.

Жапырақтары кезек орналасқан, қарапайым, үшкір. Жапырақ табаны жүректәрізді.

Гүлдері - масақ гүлшоғырына жиналған, 3 жеке сары-қызғылт немесе қоңыр-күлгін жапырақтан құралған.

Жемісі — үшжармалы қауашақ.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аптекалық жанжабілдің негізгі компоненті - Эфир майлары (құрғақ тамыр сабақтарында 1,5—3 % болады), олардың 70 %-ын цингиберен (зингиберен) — сесквитерпені. Қалғаны 30 %-ы - басқа терпендер (камфен, цинеол, бисаболен, борнеол, цитраль, линалоол).

Жанжабіл тамырында көптеген витаминдер: С, B1 , B2 және аминқышқылдар бар.

Синонимдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пайдалануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аптекалық жанжабілдің тамыр сабағын аспаздықта дәм-татымдылық ретінде кең қолданады.

Толық мақаласы: Жанжабіл (дәмдеуіш)

Медицинада жанжабіл тамыр сабағының тұнбасы және тұндырмасы түрлерінде асқазанның ойық жарасы, тұмау, атеросклероз, қан тамырларының ауруларында дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Бас ауруы, ревматизм т.б. кеселдерде сылау, уқалау және компресс түрінде пайдаланады.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Аптекалық жанжабіл

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]