Жер сілкіну эпицентрі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жер сілкіну эпицентрі (орталығы) — жер бетіндегі (жер сілкінудің ошағының) проекциясы. Гипоцентрдің формасына байланысты эпицентрдің формасы да әр түрлі болып келеді (нүктелік, сызықты, аудандық). Эпицентр (эпи... және центр) – жер сілкіну ошағының (гипоцентрдің) Жер бетіндегі проекциясы. Жер сілкіну ошағының проекциясы эпицентр алқабы деп те аталады. Э-дің орны сейсмик. ст-лардағы аспаптардың (сейсмографтардың) сызбалары (графигі) бойынша анықталады. Күшті жер сілкінулердің Э-лерінде сейсмик. энергия тасқынының тығыздығы өте жоғары келеді, жер үстінде үлкенді-кішілі жарықтар, опырылыстар пайда болады, үйлер, түрлі құрылыстар қирап бұзылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.