Жезді ауданы
Аудан | |
Жезді ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Енеді |
5 ауылдық округ, 3 кент |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты |
2 қаңтар 1963 |
Таратылған уақыты |
23 мамыр 1997 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
8 605 адам (2009) |
Жезді ауданы — 1963-1997 жылдары Қарағанды және Жезқазған облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Жезді кенті.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жезді ауданы Қарағанды облысының құрамында таратылған Жезқазған және Ұлытау аудандарының аумағында 1963 жылы 2 қаңтарда құрылған. Оның құрамына Алғабас, Жангелдин, Жетіқоңыр, Кеңгір, Киров, Кішітау, Первомай, Сарысу, Терісаққан және Ұлытау ауылдық кеңестері кірді.
1963 жылдың 10 қаңтарынан 24 тамызына дейін аудан орталығы Жезді кенті аудан құрамына кірген жоқ және Жезқазған қалалық кеңесіне бағынды.
1965 жылы аудан құрамына Жезқазған қалалық кеңесінен Ақтас және Қарсақбай кенттері берілді.
1972 жылы 10 наурызда Алғабас, Жетіқоңыр, Кеңгір және Сарысу ауылдық кеңестері Жезқазған ауданына берілді. 22 наурызда Жетіқоңыр және Сарысу ауылдық кеңестері Жезді ауданына қайтарылып, Жезқазған ауданына Кішітау, Первомай, Терісаққан және Ұлытау ауылдық кеңестері берілді.
1973 жылы 20 наурыздан бастап Жезді ауданы Жезқазған облысының құрамына кірді.
1974 жылы Қоскөл ауылдық кеңесі құрылды.
1983 жылы Мибұлақ ауылдық кеңесі құрылды, ал Жетіқоңыр ауылдық кеңесі Борсеңгір болып өзгерді.
1989 жылы Киров ауылдық кеңесі таратылды.
1997 жылы 3 мамырда Жезді ауданы Қарағанды облысына берілді.
1997 жылы 23 мамырда Жезді ауданы таратылып, аумағы Ұлытау ауданына өтті.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1986 жылы ауданда 3 кенттік, 6 ауылдық кеңес пен 31 елді мекен болған:[1]
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Ақтас кенттік кеңесі | Ақтас кенті | Ақтас |
Борсеңгір ауылдық кеңесі | Борсеңгір ауылы | Борсеңгір, Сымтас, Тобылғылы |
Жангелдин ауылдық кеңесі | Байқоңыр ауылы | Байқоңыр, Қалабай, Қызылүй, Талдықұдық |
Жезді кенттік кеңесі | Жезді кенті | Жезді |
Киров ауылдық кеңесі | Қарсақпай кенті | Бұрмааша, Қумола, Өрнек, Пионер, Шолақ |
Қарсақпай кенттік кеңесі | Қарсақпай кенті | Қарсақпай |
Қоскөл ауылдық кеңесі | Қоскөл ауылы | Көктал, Қосбармақ, Қоскөл, Құлжанбай, Нарөлген |
Мибұлақ ауылдық кеңесі | Мибұлақ ауылы | Ақкеңсе, Апақай, Баймырза, Құрақтыкөл, Мибұлақ, Тезекбай |
Сарысу ауылдық кеңесі | Жыланды ауылы | Жиделі, Жыланды, Қазыбек, Тасоба, Түйемойнақ |
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1970 | 1979 | 1989[2] |
---|---|---|
33340 | ▼21795 | ▼20476 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары