Жарықтандыру құралы
Жарықтандыру құралы — түнгі уақыттағы ұрыс қимылдары кезінде жергілікті жерді жарықтандыруда арналған арнайы құрылғылар. Жарықтандыру құралы ретінде:
- прожекторлар (тасымалды, сүйремелі, өздігінен жүретін, тікелей әскери техника үлгілеріне орнатылған),
- жарықтандыру снарядтары (миналар), оқтар, жарыктандыратын авиабомбалар (ЖАБ) қолданылады.
Қазіргі кездегі бар прожекторлар толқын ұзындығына байланысты (0,38-0,77 мкм) көрінетін түрдегі, сонымен қатар (0,77 2,0 мкм) диапазонындағы көрінбейтін жақын инфрақызыл түрдегі сәуле таратады және тура көру қашықтығында сәуленің 0,5-тен 2,5 градусқа дейінгі ендікте көзбен және құралмен байқауға жеткілікті жарықты жасайды. Жарықтандырғыш артиллериялық снарядтардың (миналардың) әдетте жарықтандырғыш құрамы бар бір алауы болады[1]. Сигналдық тапаншалардан атуға арналған жарықтандырғыш оқтар және арнайы құрылғыларсыз бірнеше жүз метр биіктікке жарықтандырғыш жұлдызшаларды жіберетін жарықтандырғыш реактивті оқтар бар. Жанғыш жүлдызшалар белгіленген биіктікке жеткеннен кейін жергілікті жерді жарықтандыра отырып парашютпен не парашютсіз төмен түседі. Қазіргі жарықтандыру құралы негізінен көп алаулы болып келеді. Бүл жарық күшін көбейтуге және жарықтандырылатын жергілікті жердің ауданын үлкейтуге мүмкіндік береді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Importance of Power Backup for Home During Outages (ағыл.)
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|