Мазмұнға өту

Жандос Нұрланұлы Шаймарданов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жандос Нұрланұлы Шаймарданов
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Ту
Ту
16 қыркүйек 2023 жылдан бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Әсет Ерғалиев
Ту
Ту
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы
Ту
Ту
24 ақпан 2022 жыл — 16 қыркүйек 2023 жыл
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Нұрболат Айдапкелов
Ізбасары Мақсат Тұрлыбаев
Өмірбаяны
Білімі Йорк университеті, Ұлыбритания (2009)
IE университеті, Испания (2020)
Дүниеге келуі 24 ақпан 1987 (1987-02-24) (37 жас)
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО

Жандос Нұрланұлы Шаймарданов (24 ақпан 1987 жыл, Шығыс Қазақстан облысы) — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.

2010-2013 – «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері.

2013-2014 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2014-2016 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2016-2019 – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.

2019-2020 – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы.

2020-2022 – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.

2022-2023 – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.

2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.[1]

Әкесі: Нұрлан Құбайдоллаұлы Шаймарданов

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]