Жабдық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жабдық — бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.[1]

Жабдық - нақты жұмыс түрін атқаруға қажетті техникалық құрал.[2]

  • Гараж жабдығы - көлік құралын ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өткіз үшін керек құрал-жабдықтар.
  • Автомобильдің қосымша жабдығы - автомобильдің қолайлылығын көтеру үшін қосымша орнатылған құрылғылар.
  • Аспалы жабдық - арнайы жұмысты немесе көтеру-тасымалдау жұмыстарын атқару үшін арнайы автомобильге (немесе тракторға) ілінетін ауыстырмалы жабдық; жабдықтың массасының барлық салмағы автомобильге (тракторға) түседі (мысалы: кран, бульдозер).
  • Көтеріп-қарау жабдығы - көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу кезінде бір уақытта үстінен, астынан және жанынан жұмыс істеуге қолданылатын жабдық.
  • Көтеру-тасымалдау жабдығы - көп жағдайда техникалық құралға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде олардың афегаттары мен басқа да жүктерді тасымалдауға қолданылатын жабдық.
  • Тіркеме жабдық - арнайы немесе көтеру-тасымалдау жұмыстарын атқару үшін автомобильге (немесе тракторға) тіркеп жалғанылатын ауыстырмалы жабдық; жабдықтың массасының барлық салмағы автомобильге (тракторға) түспейді (мысалы: жол катогы).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.