Мазмұнға өту

Еңбек жағдайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Еңбек жағдайы - еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы. Еңбек жағдайын құрайтын факторлардың мынадай негізгі топтары бар: санитарлық-гигиеналық факторлар — зиянды химиялық заттар, өндірістік шуыл, шаң-тозаң, діріл, электр-магниттік өpic пен электр өрісі, сәуле (ионданушы, лазерлік, ультракүлгін), өндірістік үй-жайдағы микроклимат, жарық, т. б.;психологиялық-физиологиялық факторлар — ауысымдағы тұрақты жүктеме, көтеретін жүктің бір жолғы шамасы, жұмыс қарқыны, зейінге түсетін күш, бір сарындылық, жүйке-сезімге түсетін күш, жайсыздық, ауысымдылық, т. б.; эстетикалық факторлaр — үй-жайдын, жабдықтың, арнаулы киім-кешек пен аяқкиімнің сәндік-көркемдік тұрғыдан безендірілуі, жарық-түс композициясының үйлесімі, т. б. Бұл орайда өндірістік фактордың рұқсат етілген шекті деңгейіне, қауіпті деңгейіне және зиянды деңгейіне ажыратылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2