Ешкітау (тау, Батыс Қазақстан облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ешкітау
Сипаттамасы
Биіктігі

259 м

Орналасуы

51°12′42″ с. е. 50°14′28″ ш. б. / 51.21167° с. е. 50.24111° ш. б. / 51.21167; 50.24111 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°12′42″ с. е. 50°14′28″ ш. б. / 51.21167° с. е. 50.24111° ш. б. / 51.21167; 50.24111 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының аумағында

Ешкітау (Қазақстан)
Ешкітау
Ешкітау (Батыс Қазақстан облысы)
Ешкітау
 Басқа мағыналар үшін Ешкітау деген бетті қараңыз.

Ешкітау Жалпы Сырттың оңтүстігіндегі үстіртті қырат.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абсолюттік биіктігі 259 м. Қыраттың беті жонды келген, оңтүстік беткейі тік жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген. Бор, мергельді шөгінділері жапқан палеогеннің құмды саздақтарынан түзілген. Таудан Деркүл өзені бастау алады.

Беткейінің қызыл қоңыр топырағында бетеге, боз, жусан өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5