Елтай (Атырау облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Елтай деген бетті қараңыз.
Елтай ауылына қош келдіңіздер!
Ауыл
Елтай
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Индер

Ауылдық округі

Елтай

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°33′05″ с. е. 51°36′58″ ш. б. / 48.55139° с. е. 51.61611° ш. б. / 48.55139; 51.61611 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°33′05″ с. е. 51°36′58″ ш. б. / 48.55139° с. е. 51.61611° ш. б. / 48.55139; 51.61611 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1931

Бұрынғы атаулары

елтайлық, елтайлықтар

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

2325 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71234

Пошта индексі

060202

Автомобиль коды

06

Елтай картада
Елтай
Елтай
Елтай картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Елтай картада
Елтай
Елтай

ЕлтайАтырау облысының Индер ауданындағы ауыл, Елтай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы — Индербор кентінен батысқа қарай 10 км жерде, Жайық өзенінің оң жағасында, Каспий маңы ойпатының шөлейт белдемінде орналасқан.

  • Елтай ауылы шекарасының жалпы аумағы - 383,136 гектар
  • Шекарасының ұзындығы - 8214,3 метр[1]

1989 жылы елді мекенде 1848 адам тұрған.[2] 1999 жылы тұрғындар саны 2438 адам (1241 ер адам және 1197 әйел адам) болса, 2009 жылы 2444 адамды (1238 ер адам және 1206 әйел адам) құрады.[3]

2021 жылғы санақ бойынша 2325 адамды (1197 ер адам және 1128 әйел адам) құрады.[4]

Іргесі 1931 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1997 жылға дейін Аманкелді атындағы қаракөл қой кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Елтай арқылы Атырау — Орал автомобиль жолы, Атырау — Самара және Мақат — Орталық мұнай құбырлары өтеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және Жайық су жолы арқылы қатынасады.

Мәдени-әлеуметтік мекемелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • М.Сиранов атындағы орта мектеп — 1929 жылы бастауыш, 1933 жылы 7 жылдық, ал 1936 жылы ауданда тұңғыш орта мектеп болып жұмыс жасай бастады. Мектеп 1936 - 1962 жылдары Елтай орта мектебі, 1962 - 1995 жылға дейін В.И.Ленин атындағы орта мектеп, 1996 жылдан бастап Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектеп болып аталады.
  • «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы
  • Елтай ауылдық мәдениет үйі
  • Елтай ауылдық кітапханасы
  • Елтай ауылдық мұражайы — „Аманкелді“ кеңшары басшылығының қолдауымен 1979 ж. ашылған. Алғашқы меңгерушісі ардагер ұстаз О.Аманқұлова болған. Мұражайда 1689 жәдігер жинақталған.
  • Елтай дәрігерлік амбулаториясы
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы мешіті — 2023 жылы желтоқсан айында ашылды. Мешіт 200 орындық. Онда ерлер, әйелдерге арналған намаз оқу залы, Құран оқу бөлмесі бар. Заманауи таһаратхана да жабдықталған.[5]

Ауыл көшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ауылға кірер жол
Ауыл көрінісі
Канал

Қазақстан-1 шағын ауданы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жанша Уәлиева көшесі

Қазақстан-2 шағын ауданы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Баламайсаң Дауылұлы көшесі
  • Қаби Меңетаев көшесі
  • Сағынтай Құсанов көшесі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]