Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов
Туған күні

10 шілде 1942 (1942-07-10)

Туған жері

Қазақстан Алматы

Қайтыс болған күні

24 желтоқсан 2016 (2016-12-24) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Қазақстан Алматы

Азаматтығы

 Қазақстан

Жұмыс орны

ҚазҰПУ

Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов (10 шілде 1942 жылы туған, Алматы қаласы - 24 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Алматы) — әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы (2003).

Қысқаша өмірбаяны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арғын тайпасының Қаракесек руының Керней бөлімінен шыққан.

  • «Древние типы носителей казахского фольклора (генезис и типология)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтері, ақын-жыраулық дәстүр мен айтыс жанрының қалыптасуы, фольклор таратушылардың (ақын, сал, сері, жырау, сыншы, т.б.) пайда болу тарихы мәселелері. Тұрсынов монографиялық еңбектер

  • «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», 1976;
  • «Қазақ бақсы-балгерлері», 1997;
  • «Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау», 1999;
  • «Древнетюркский фольклор: истоки и становление», 2001;
  • «Атамекен. Казахи. История. Этнография. Культура», 2002) мен 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6