Егіндібұлақ (Қарағанды облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Егіндібұлақ
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Қарағанды

Ауданы

Қарқаралы

Ауылдық округі

Егіндібұлақ

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°47′08″ с. е. 76°23′07″ ш. б. / 49.78556° с. е. 76.38528° ш. б. / 49.78556; 76.38528 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°47′08″ с. е. 76°23′07″ ш. б. / 49.78556° с. е. 76.38528° ш. б. / 49.78556; 76.38528 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1909

Бұрынғы атаулары

Хлебородное

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

2128 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 +7 72147

Пошта индексі

100810

Автомобиль коды

09

Егіндібұлақ картада
Егіндібұлақ
Егіндібұлақ
Егіндібұлақ картада
Егіндібұлақ
Егіндібұлақ
 Басқа мағыналар үшін Егіндібұлақ деген бетті қараңыз.

ЕгіндібұлақҚарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Егіндібұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 км-дей жерде, Балқантау тауының баурайында орналасқан. Тауында қарағай, қайың, липа сияқты ағаштар мен басқа көкжелектер тұқымына жататындар өседі, арқар, қасқыр, түлкі, сілеусін, қоян және шыл, күрке тауық пен тағы да басқадай аңдар мен құстар мекендейді. Ауыл аумағында балық өсірілетін "Шұбаркөл" атты көл, оннан астам бұлақтар бар. Ауылдың шығысында, 12 шақырым жерде орналасқан "Қарабиік" өлкесінде қазба байлық – көмір кеніші бар. Ауданның жер аумағы 23,5 мың га құрайды, оның ішінде 21292 га ауылшаруашылық жерлеріне (жайлымдық) жатады. Құрылыс пен жолдарға, электр желістері мен телефон байланысына 2205 га бөлінген. Егіндібұлақ өңірі сонымен қатар еліміздегі тұңғыш металлургия зауыты, атақты Қоянды жәрменкесі ашылған жер.

Іргетасы 1909 жылы Ресейден қоныс аударған мұжықтардың елді мекен салуынан қаланады. Елді мекеннің атын, Балқантау тауынан бастау алатын "Егіндібұлақ" атты бұлақтың атын мұжықтардың орыс тіліне "Хлебородное" деп аударуымен, сол кездегі Орынбордың генерал – губернаторы өз бұйрығымен бекітеді.

1928 жылғы 17 қантарда Қарқаралы уезіне қарасты Қу, Едірей және Байыр болыстарының ауқымды бөлігі негізінде құрылып, оның әкімшілік орталығы болып – "Хлебородное" ауылы белгіленеді. 1930 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы жергілікті халықтың сұрауы бойынша аудан орталығының атауын – Егіндібұлақ ауылы деп өзгерту туралы өз Қаулысын қабылдайды.

Егіндібұлақ өңірі туған еліне ғана емес, көршілес әрі алыстағы елдерге ақыл-парасатымен, қайраткерлік істерімен, туа біткен өнерімен кең танымал болған – қазақ елін таныта, мойындата білген Ұлы адамдардың мекені. Бұл өңірде қазақ халқының біртуар ұлы, ірі мемлекет қайраткері Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлы, ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлы, ақиық ақын-сазгер Мәди Бәпиұлы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов сынды көптеген ірі тұлғалар туып өскен. Сондай-ақ бұл өңір - ұлы Абай Құнанбайұлының анасы Ұлжанның туған жері, яғни ұлы ақынның нағашы жұрты.

Ауылда қазақтың үш биінің бірі – Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлына, шертпе күйдің негізін салушы кемеңгер сазгер Тәттімбет Қазанғапұлына және қазақтың біртуар перзенті, әйгілі сазгер, ақиық ақын Мәди Бәпиұлына ескерткіштер орнатылған.

Егіндібұлақ ауданының алғашқы басшылары, яғни аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары (сақталған деректер бойынша):

  • 1930-шы жылдарда Құлжан Дүйменов, Түсіп Асқаров, Нәукебай Әділов, Ібіжан Рахымжанов;
  • 1940-1950 жылдар аралығы – Асайын Туғанбаев, Мәжкен Момбаев, Жетпісбай Қыстафин, Жалау Балғабаев (кәрсөн);
  • 1960-1978 жылдар аралығы – Мұқан Медеубаев, Мыңжасар Әдекенов, Нарманбет Садықов;
  • 1978-1991 жылдары аралығы – Шалабай Қуанышев, Тілеубек Зейнешев.

Егіндібұлақ ауылдық Кеңесінің төрағалары болып 1950–1990 жылдары Мәнсүр Ыбраев, Ахмет Көңілімжаев, Хадиша Құсайынова, Қабыш Ахметов, Нұртаза Бәкіжанов, Серік Жақұлов, 1990 жылдардың басынан жергілікті әкімдіктер құрылуына байланысты Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып Балқан Нұрханов, Медеу Ахметов қызмет еткен. 2007 жылдың наурызынан бастап ауылдық округті Амантай Даупбаев басқарып отыр.

Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
4165 3399 2128 62,6 1632 1082 66,3 1767 1046 59,2

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі уақытта Егіндібұлақ ауылында екі орта мектеп, бір кәсіптік мектеп, интернат-пансионат, бір балабақша, бөлімшелік аурухана, Қарқаралы ауданының №2 аудандық соты, Егіндібұлақ өңірі бойынша қызмет көрсететін Қазыбек би кенттік полиция бөлімшесі, телекоммуникация торабының бөлімшесі, почта бөлімшесі, азаматтардың хал актілерін жазу бөлімі, Қу орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі, жоғары электр желілері учаскесі, өрт сөндіру бөлімі, модельді кітапхана мен мәдени-сауық орталығы, өлке тану мұражайы, сондай-ақ «ҚазАгро-Маркетинг» АҚ ауылдық ақпараттық-консультациялық пункті, аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мен зейнетақы төлеу орталығы-ның өкілдігі, екі дәріхана, бір жанар-жағар май құю станциясы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау лабораториясы, халыққа коммуналдық қызмет көрсететін «Сәулет» ЖШС, «Балқантау» ауылдық тұтыну кооперативі және 40-қа жуық жеке меншік дүкендер мен «Тойхана», шайхана және екі наубайхана, екі монша, мешіт жұмыс істейді. Село тұрғындары негізінен теледидар бойынша «Хабар», «Қазақстан» және «Евразия» бағдарламаларын көріп, қазіргі замаңғы цифрлі автоматты телефон станциясы мен «KСeLL» және «Билайн» ұялы телефон станцияларының қызметін пайдаланып отыр. Осы жылдың аяғына дейін Халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) филиалын ашу көзделуде. Сонымен қатар 2010 жылы облыс әкімі келісімен интернет жүйесіде іске қосылды.

Егіндібұлақ ауылындағы Мәдениет үйі жанында халық өнерін насихаттап, оны дамытуға өзіндік үлес қосып, жоғары халықтық деген атаққа иеленген: Халық драма театры, Тәттімбет атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі және «Балқантау сазы» фольклорлық ансамблі мен өнерпаз ардагерлердің «Замандастар» клубы жұмыс істейді.

Егіндібұлақ ауылдық округі бойынша халықтың жеке меншік шаруашылығында бүгінгі күнге 2990 бас ірі қара, оның ішінде 1366 бас аналық, 3512 бас қой мен ешкі, оның ішінде 1742 бас аналық, 742 бас жылқы, 1300 бас үй құстары бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]