Дәлен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дәлен
Osmorhiza claytonii
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Apiales
Тұқымдасы: Apiaceae
Кіші тұқымдасы: Apioideae
Тайпасы: Scandiceae
Кіші тайпасы: Scandicinae
Тегі: Osmorhiza
Raf. 1819
түрлері

11 түрі белгілі

Дәлен (лат. Osmorhiza) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Көбінесе тау беткейлерінде, қылқан жапырақты және аралас ормандардың, бұталардың арасында өседі. Қазақстанда қылтанды дәлен (O. arіstata) деген түрі бар. Оның биікт. 30 – 80 см. Тік сабағы жіңішке, жылтыр болады. Үшқұлақты, қауырсынды күрделі жапырақшаларының жиектері терең ойықталып, тіс тәрізді иректелген. Майда гүлдері жай, кейде күрделі шатырша гүлшоғырын құрайды. Бір шатыршаға топталған 10 гүлдің 4-і ғана жеміс береді. Тұқымынан көбейеді. Маусымшілде айларында гүлдеп, тамызда жемісі пісіп-жетіледі. Жемісі – ұзынша келген ұршық пішіндес, ұзындығы 20 – 25 мм, ені 2 мм. Қылтанақты дәлен өте сирек (тек Үбі жотасында) кездесетін өсімдік. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы