Мазмұнға өту

Дәжжәл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дәжжәл, Тажал (араб.: دجّال‎) Ислам дәстүріне қатысты сөз, араб тілінен аударғанда өтірікші, алаяқ деген мағана береді. دَجَلَ (дәжәлә) етістігі өтірік айту, алдау, шатыстыру, алтын жалату, бояу деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:

«Қияметтің алдында отызға жуық өтірікші алаяқтар (дәжжәл) пайда болады. Олардың әрбіреуі: „Мен пайғамбармын, мен пайғамбармын“ дейді»

— Муснад Ахмад

Терминологияда: «Дәжжәл деген үлкен биліктің иесі болатын яһуди ер адам. Заманның ақырында шығып, жер бетіндегі ең үлкен сынақ (фитна) болады. Ол өзін алғашқыда пайғамбармын деп, содан кейін құдай екенін айтады. Оған надандар мен қарапайым халық артынан еріп, оған Аллаһ тура жолға салған салихалар мен тақуалар қарсы тұрады. Ол бірде бір қаланы қалдырмай барлық жерді шарлап шығады, тек Мекке мен Медине қаласынан басқа. Дәжжәл Мәриям ұлы Исаның қолынан қаза табады»[1]

Дәжжәлдің сипаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтқан:

«Шын мәнінде Дәжжәл — қысқа бойлы, қисық аяқты, бұйра шашы бар, бір көзді, екіншісі сүртілген, ол шығып та, кіріп та тұрған жоқ. Егер сендер шатыссаңдар, біліңдер, сендердің Раббыларың біркөзді емес»

Сунан Әбу Дәуд

Ол тағы айтты:

«Оның көздерінің арасында „Кәпір“ деп жазылып тұр. Бұл жазуды саутты мумин де, сауатсыз мумин де оқи алады»

Сахих Муслим

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сыртқы медиафайлдар
Дәжжәл туралы сабақтар:
Ибраһим Тайыржан — Дәжжәл фитнасы, 1 бөлім
Ибраһим Тайыржан — Дәжжәл фитнасы, 2 бөлім

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Даджаль(қолжетпейтін сілтеме) — Hutba.org

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]