Дуплекс-процесс
Көрініс
Дуплекс-процесс — металлургияда металды екі қорытқыш аппараттарында бірінен соң бірінде (мысалы, конвертер-мартен, мартен-электр пеші) қайталап қорыту процесі. Бұл қорытылатын металдың залалды қоспалардан әбден тазартылуына технология жағына қажет әдіс және экономикалық жағынан тиімді. [1].
Дуплекс-процесс арқылы түпкі өнімнің сапасы жақсарады және негізгі агрегаттың өндірімділігі артады. Дуплекс-процестің мысалдары: конвертер-электр пеш, құдықпеш-электр пеш, индукциялық вакуумдық пеш-доғалық вакуумдық пеш.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсінідірме сөздігі. Кен ісі және металлургия. — Алматы, «Мектеп», 2003.
|