Доссор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кент
Доссор
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Кенттік әкімдік орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Мақат

Кенттік әкімдігі

Доссор

Әкімі

Аслан Елеусінұлы Қосмағамбетов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°31′38″ с. е. 52°58′52″ ш. б. / 47.52722° с. е. 52.98111° ш. б. / 47.52722; 52.98111 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°31′38″ с. е. 52°58′52″ ш. б. / 47.52722° с. е. 52.98111° ш. б. / 47.52722; 52.98111 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1911

Кент статусы

1934

Климаты

қатаң континенталды

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

13 806 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

06

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Доссор кенті, Сүлейменова көшесі, №100

Доссор картада
Доссор
Доссор
Доссор картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Доссор картада
Доссор
Доссор

ДоссорАтырау облысының Мақат ауданындағы кент, темір жол стансасы, Доссор кенттік әкімдігінің орталығы. Аудан орталығы — Мақат кентінен батысқа қарай 28 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы шөлдік белдемде, Дос атты сордың шетінде орналасқан.

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021[1]
8392 9511 8256 8806 8600 9283 11470 13806

Іргесі 1911 жылы ЖайықЖем өңірінде ашылған тұңғыш мұнай кенін игеру негізінде қаланған. Доссорда 1911 жылы тұрғын үйлер көптеп салына бастады. “ОралКаспий” қоғамы қазіргі кенттің солтүстігіне, “Ағайынды Нобельдер” қоғамы солтүстік-батысына, “Қосалқы кәсіпорындар жолдастығы” оңтүстігіне, “ЕмбіКаспий” қоғамы шығыс бетке құрылыс жұмыстарын жүргізді. Осы құрылыстардың шет жақтарында қазақ жұмысшыларының жертөлесі мен жеркепелері көбейе бастады; олар кейін “Қазақ ауылы” деген атқа ие болды. Кенттегі көзге түсер ғимараттардың барлығы осы арада шығарылған кірпіштен салынды. Доссордың ұлғаюына 1926 жылы салынған Гурьев (қазіргі Атырау) Доссор тар табанды және 1940 жылы тұрғызылған Гурьев — Қандыағаш кең табанды темір жолдарының салынуы игі ықпал жасады.

Доссор мұнайын иеленген фирмалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Доссор мұнайын иеленіп, пайдаға бату мақсатымен 1910 жылдан бастап, Петербургте төмендегідей фирмалар мен акционерлік қоғамдар құрылды:

  • 1. Жайық-Каспий мұнай қоғамы (УКНО), 1910 ж. Құрылтайшылары отставкадағы гвардия штабс-капитаны Николай Николаевич Леман, Ұлыбритания азаматы Эдуард Юм-Шведер және текті құрметті азамат Отто Адольфович Лист. Негізгі капиталы 3,5 млн.сом.
  • 2. «Ембі» мұнай және сауда акционерлік қоғамы, 1912 ж. Құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Эмануил Людвигович Нобель, стат кеңесшісі Тарас Васильевич Белозерский және текті құрметті азамат Иван Иванович Стахеев. Негізгі капиталы 6 млн.сом.
  • 3. «Ембі-Каспий» мұнай кәсіпшілігі акционерлік қоғамы, 1913 жыл. Құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Алексей Иванович Путилов және текті құрметті азамат Иван Иванович Стахеев. Негізгі капиталы 30 млн.сом.
  • 4. «Колхида» мұнай кәсіпшілік және сауда қоғамы, 1913 жыл. Құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Алексей Иванович Путилов және коммерциялық кеңесшісі Найденов Алексей Никифорович.
  • 5. Ағайынды Нобельдердің мұнай өндіру серіктестігі, 1912 жыл. Құрылтайшылары Людовиг Эмануилевич Нобель — Петербургте, Роберт Эмануилевич Нобель — Бакуде, Альфред Эмануилевич Нобель - Парижде, гвардия полковнигі Петр Александрович Бильдер Линг. Негізгі капиталы 30 млн.сом.
  • 6. «Ембі ауданы қосалқы шаруашылық кәсіпорындары», 1915 жыл. Құрылтайшылары Владимир Константинович Истомин, отставкадағы подполковник Александр Николаевич Леман. Негізгі капиталы 200 мың сом.
  • 7. Жауапкершілігі шектелген «Батыс Орал» мұнай қоғамы. Орал казак әскерінің қарамағындағы жерлерде мұнай өндіру мақсатымен 1913 жылы Англияда құрылған. Негізгі капиталы 500 мың фунт стерлинг.
  • 8. Орал-Мәскеу мұнай және сауда акционерлік қоғамы, 1915 жыл. Мәскеуде құрылған. Құрылтайшылары текті құрметті азамат Сергей Николаевич Абрикосов, отставкадағы бірінші рангалы капитан Андрей Александрович Янович. Негізгі капиталы 3 млн.сом. (ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты)[2]

Кәсіпорындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұнда “Ембімұнай” бірлестігіндегі мұнай өндіретін ірі орталықтардың бірі “Доссормұнай” мұнай өндіру кәсіпшілігі, оның басқармасы, автомобиль жөндеу зауыты, Атырау мұнай барлау экспедициясының механикалық шеберханасы, “Ембімұнай” бірлестігінің құрылыс-монтаж басқармасы, жол-құрылыс және тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар т.б. бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен сор арасындағы өткелге салынған автомобиль және темір жолдары арқылы байланысады[3].

Әлеуметтік және мәдени нысандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • А.Құнанбаев атындағы орта мектеп — 1950 жылы 280 орындық жеті жылдық мектепке арналып салынды.
  • О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп — алғашқы ғимараты 1964 жылы салынған. 2017 жылы қаңтар айында жаңа 300 орындық ғимараты пайдалануға берілді.
  • Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп — 1928 жылдары Қазақстандағы сауатсыздықты жоюдың екінші сатысында Доссорда қазақ мектебі ашылған, кейін ол А.С.Макаренко атындағы жетіжылдық мектепке айналған. 1935 жылдары В.Г.Белинский атындағы орыс мектебі ашылған. Кейін 1958 жылдары екі қатарлы 480 орындық жаңа мектеп үйі салынып, осы екі мектеп бірігіп аралас жаңа мектеп пайда болған, оған В.Г.Белинский аты сақталған.[4] Мектептің жаңа, соңғы үлгідегі 1200 орындық типтік ғимараты 2004 жылы 11 қарашада іске қосылды.[5] 2006 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 480 қаулысымен В.Белинский атындағы орта мектебі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп деп аталды.
  • С.Шарипов атындағы Доссор мектеп интернаты — 1959 ж.ашылған. Типтік жобамен 280 балалық жатақхана мен 150 орындық асхана 1963 жылы пайдалануға берілген. 380 шәкіртке арналған оқу үйі 1973 жылы типтік жобамен салынған.
  • Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі — 1962 жылы құрылды. Ұйымдастырушысы және алғашқы директоры Рысбай Ғабдиев.
  • Мұнай және газ технологиялық колледжі — Доссордағы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің негізі РУ - 19 (ремесленное училище) болып қаланған. 2012 жылы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі болып қайта құрылды.[6]
Мұнай және газ технологиялық колледжі

Мектепке дейінгі балалар мекемелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы — 1995 жылы ашылып, іске қосылды. Балабақшада 5 топта 150 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша ғимаратының көлемі 1337,4 шаршы метр[7]
  • «Ботақан» бөбекжай-балабақшасы
  • «Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасы

Денсаулық сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мақат өкпе ауруларға қарсы ауруханасы
  • Доссор мәдениет үйі
  • Тарихи өлкетану музейі — Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұнай өнеркәсібі секторы ретінде құрылып, 1992 жылы аудандық мұражайға айналдырылған.

Діни ұйымдар қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Доссор» мұсылмандар мешіті — Доссор кентінде 1992 жылы салынған. 2000 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылысы өзгертілді. Ғибадатхана үш үлкен залдан: екі ерлер залы, бір әйелдер залынан тұрады. Жалпы ауданы 495 шаршы метр. Пайдалы алаңы 255,6 шаршы метр. Қабырғасының биіктігі 4, сыртқы есігінің биіктігі 2 метр, көк түсті жылтыр әйнек іспеттес материалмен көмкерілген және дулыға сияқты келіп, айналасы ақ түсті өрнекпен безендірілген. 4 метрлік төрт мұнарасы бар.[8]
  • «Сатан - Шәмек» мешіті

Кент суреттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Орталық көшелердің бірі Кент орталығындағы сор Кент көшелері Атырау қаласы бағытынан кіре беріс жол

Кент көшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ақмұқан Нұрсейітов көшесі
  • Әмірбай Оразов көшесі
  • Әмірхан Мантаев көшесі
  • Бауыржан Момышұлы көшесі
  • Бержан Қанатбаев көшесі
  • Бисенғали Дәулетбаев көшесі
  • Боран Аймағамбетов көшесі
  • Ғабдыхалық Сағытжанов көшесі
  • Ғалия Сүлейменова көшесі
  • Ғарифолла Құрманғалиев көшесі
  • Жетпіс Ботабайұлы көшесі
  • Жұмағали Мұхтанов көшесі
  • Қадим Жандауов көшесі
  • Қадірбай Керіков көшесі
  • Қайырғали Жылқышиев көшесі
  • Қуаныш Құдабаев көшесі
  • Құбай Сейітов көшесі
  • Құрманғазы көшесі
  • Махамбет көшесі
  • Мұстафа Шоқай көшесі
  • Нұр Құсайынов көшесі
  • Ораз Сарғұнанов көшесі
  • Оспан Шәрімов көшесі
  • Рамазан Төлешқалиев көшесі
  • Рзағали Қитаров көшесі
  • Сабытай Телемгенов көшесі
  • Салахадден Биғалиев көшесі
  • Тәжібай Текеев көшесі
  • Хансұлтан Аухатов көшесі
  • Хәкім Исаков көшесі
  • Шәли Еркешов көшесі
  • Шөкен Исанов көшесі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  2. Мақат ауданы: Шежіре.-Алматы: "Исламнұр" баспасы 2004. ISBN 9965-9628-0-4
  3. Қазақ энциклопедиясы
  4. Берекелі білім ошағы
  5. http://kanatbaev.rka.kz/kz/mektep-turaly.html Мұрағатталған 25 қазанның 2021 жылы. Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп
  6. https://mtkig.kz/kz/kolledzh-tarikhy.html(қолжетпейтін сілтеме) Колледж тарихы
  7. http://karygash.makat-bb.kz/kz/biz-turaly.html Мұрағатталған 25 қазанның 2021 жылы. ПАСПОРТ ГККП ясли-детский сад «Карлыгаш»
  8. https://www.muftyat.kz/kk/mosque/3170/ «Доссор» мұсылмандар мешіті