Мазмұнға өту

Герберт Спенсер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Спенсер (Spencer) Герберт (27.4.1820, Дерби, – 8.12. 1903, Брайтон) – ағылшын философы және социологы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі.

Спенсер дің философиялық көзқарасы О.Конттың, Д.Юмның, Дж.Милльдің әсерімен қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дін ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц. тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білді.[1] [2]

Пайдаланған сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3