Владимир Михайлович Бехтерев
Бехтерев Владимир Михайлович [20.1(1.2).1857, Ресей, Вятск губерниясы Сорал ауылы — 24.12.1927, Мәскеу] — орыс ғалымы, медицина ғылымдарының докторы (1881), профессор (1894).
Санкт-Петербург медицина-хирургия академиясын бітірген (1878).
- 1885 ж. Қазанда невропатологтар мен психиаторлар қоғамын және 1893 ж. “Неврологический вестник” журналын ұйымдастырды. Осы жылдан бастап Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академияның,
- 1897 жылдан әйелдер медицина институтының профессоры болды.
- 1908 —18 ж. Санкт-Петербургте Психоневрология институтын, 1918 жылдан Ми жүйесі институтын (қазіргі В.М. Бехтерев атындағы Мемлекеттік рефлексологиялық институт) басқарды.
Бехтерев — рефлексологияның (рефлекстер туралы ғылым) негізін салушы ғалым. 600-ден астам ғылыми еңбегі бар. 1890 жылдары Бехтеревтің ғылымға қосқан ең үлкен жаңалығы — ми жүйесі туралы морфологиялық зерттеуі болды. Ол ми жүйесі мен жұлынның өткізгіштік жолдарын; адамның кеңістікте тепе-теңдік қасиетін сақтауы мен дұрыс бағдарлауының анатомия-физиология негізін және көру төмпешігінің (таламустың) қызметін; ғылымға белгісіз болып келген ми жүйесінің құрылымдарын анықтады. Сондай-ақ, адам мен жануарлардың байланыс-қозғалтқыш рефлексінің әдістемесін жасады. Бехтерев жас балалардың мінез-құлықтарындағы өзгерістер мен олардың жыныстық жетілу ерекшеліктерін зерттеді. Ол алғаш рет асқынған маскүнемдікті гипнозбен емдеуді ұсынған. Жүйке ауруларын тудыратын рефлекстер мен синдромдарын (белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуін) анықтап, сол ауруларды емдеу жолдарын көрсетті. Бехтеревтің медицинада ашқан аурулары оның есімімен аталады (мысалы, “Бехтерев ауруы”), ал жүйке ауруларын емдеуге осы күнге дейін қолданып жүрген “Бехтерев ішірткісінің” маңызы зор.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Vladimir Bekhterev |
- 1 ақпанда туғандар
- 1857 жылы туғандар
- Вятск губерниясында туғандар
- 24 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1927 жылы қайтыс болғандар
- Мәскеуде қайтыс болғандар
- Императорлық медиктік-хирургиялық академиясы оқытушылары
- Императорлық Қазан университетінің профессорлары
- Императорлық медиктік-хирургиялық академиясы түлектері
- Ресей империясы медицина докторлары
- Ресей империясы психологтары
- КСРО психологтары
- Ресей империясы психиатрлары
- КСРО психиатрлары
- Ресей империясы неврологтары
- КСРО неврологтары
- Ресей империясы физиологтары
- КСРО физиологтары
- Тұлғатанушылар
- Әдебиетшілер мүйісінде жерленгендер
- Вятск гимназиясы түлектері
- Құпия кеңесшілер
- Ресей гипнотизерлері
- Бейлис ісі
- Владимир Бехтерев