Мазмұнға өту

Валдай деңгей өзіжазғышы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Валдай деңгей өзіжазғышысуқоймаларындағы, каналдардағы, арықтардағы су деңгейін тынымсыз автоматты турде жазып отыратын су өлшеуші өзі жазғыш құрал. Ағын сулардағы, Валдай деңгей өзіжазғышы су деңгейінің биіктігін уақыт функциясы ретінде жазуға мүмкіндік береді. Валдай деңгей өзіжазғыштың сағаттық механизмін бір тәулікке, бір аптаға немесе бір айға қоюға болады. Құралдың негізін қалтқы қүрайды. Қалтқы каналдағы су деңгейінің бетінде қалқып тұрады, су деңгейі төмендесе, калтқы темен түседі де, өзіне жалғанған қалам арқылы барабанда орналасқан арнайы қағазға сызық қалдырады, ал су деңгейі жоғарыласа, қалтқы көтеріледі де, сызықты жоғары сызады. Абсцисса есіне барабанның айналу жылдамдығы уақытпен көрсетілген, ордината су деңгей биіктігі (көтерілуін) белгілейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.