Мазмұнға өту

Бүкіләлемдік бокс ұйымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бүкіләлемдік бокс ұйымы
(ағылш. World Boxing Organization)
Бүкіләлемдік бокс ұйымы
Түрі

коммерциялық емес ұйым

Орналасқан жері

Пуэрто-Рико, Сан-Хуан

Басты тұлғалары

Франциско Варценсел

Саласы

кәсіби бокс ассоциациясы

Веб-сайты

www.wboboxing.com

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (ББҰ) (ағылш. World Boxing Organization) (WBO) — кәсіпқой бокстағы төрт маңызды ұйымның бірі. Басты кеңсесі Сан-Хуан (Пуэрто-Рико) қаласында орналасқан.

Негізін 1980-ші жылдары Пуэрто-Рико мен Доминикан Республикасының кәсіпкерлері қалаған. 1990-шы жылдары Еуропада абыройға ие болды. Дегенмен де АҚШ жерінде 2000-шы жылдардың ортасына дейін екінші дәрежелі ұйым ретінде саналып келді.

2004 жылы WBO Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) тарапынан мойындалды. Ал 2006 жылы WBO Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), 2007 жылы халықаралық бокс федерациясы IBF тарапынан мойындалды. WBO-ның үлкен танымалдыққа ие болуына Насим Хамед, Владимир Кличко, Мэнни Пакьяо, Хуан Мануэль Маркес, Оскар Де Ла Хойя мен Нонито Донэр керемет ықпал етті.

2007 жылдан бастап WBO белбеуі WBA, WBC және IBF белбеулерімен қатар, әлем чемпионы атағы үшін міндетті болып саналады. WBO тура WBA сияқты жай ғана чемпион атағымен қатар, суперчемпион дәрежесін де ойнатады. Бірақ ол WBA сияқты чемпиондарды тым көбейтпейді, жай ғана үздік әрі лайықты чемпиондарды ерекше дәрежемен марапаттайды. Мұндай дәрежеге ие:

  • ауыр салмақ — Владимир Кличко (суперчемпион)
  • бірінші ауыр салмақ — Марко Хук (суперчемпион)
  • бірінші жартылай орта салмақ — Хуан Мануэль Маркес (онжылдықтың чемпионы)
  • екінші жеңілдеу салмақ — Омар Андрес Нарваэс (суперчемпион)

2004 жылы 18 ақпанда алғашқы біріктіруші айқас өтті. Біріктіруші айқас WBA, WBC, IBF, The Ring чемпионы Бернард Хопкинс пен WBO чемпионы Оскар Де Ла Хойя арасында өтті. WBO-ның абыройы IBF чемпионы Владимир Кличко мен WBO чемпионы Сұлтан Ибрагимов арасындағы біріктіруші айқастан соң біршама өсті. 2012 жылы The Ring журналының тұжырымы бойынша «Жыл айқасы» және «Жыл нокауты» деген атаққа ие болған айқас өтті. Бұл айқаста «онжылдықтың чемпионы» белбеуі ойнатылды. Белбеуді Хуан Мануэль Маркес танымал Мэнни Пакьяоны нокаутқа түсіріп ұтып алды.

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1999 жылы желтоқсанда жеңіл салмақтағы бос WBO атағы үшін айқаста қызықты әрі күлкілі жағдай орын алды. Бос және иесіз белбеу үшін Хосе Лопес пен Фернандо Монтиель айқасу қажет болатын. Айқасқа бірнеше сағат қалғанда Монтиель айқастан бас тартты. Шоуды ұйымдастырушылардың қуанышына орай, ринг маңында Исидро Гарсиа атты боксшы тамақтанып тұрған еді. Ол Монтиелды ауыстыруға келісім беріп, оның тісқорғанысы мен киімін алды. Гарсиа қазылардың бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Бұл жағдай WBO-ның абыройына біршама нұқсан келтірді.

Бокс ұйымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлемдік деңгейдегі бокстан негізгі ұйымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлемдік деңгейдегі маңыздылығы жағынан екінші бокс ұйымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басқа да ұйымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]