Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі
Бүкілресейлік Мұсылмандардың Екінші Съезі, 1906 жылы 15 — 23 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласында өтті. Съезге қатысқан 100-ден астам делегаттардың ішінде С. Жантөрин, У. Танашев, М. Оразаев, Ш. Қосшығұлов, т.б. қазақ зиялылары болды. Бұл съездің өткізілуіне де өкімет орындары рұқсат бермеді. Сондықтан съезд жасырын түрде қаладағы қонақ үйлерде, пәтерлерде өткізілді. Бүкілресейлік Мұсылмандардың Екінші Съезінде Ресей мұсылмандарының саяси ұйымын құру мәселесі қаралды. Делегаттардың ұйғарымы бойынша, бұл ұйым “Ресей мұсылмандары одағы” (“Иттифақ ул-муслимин”) деп аталды. Ұйымның 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданды. Жарғы бойынша, “Ресей мұсылмандары одағының” 16 қалада, соның ішінде Орынборда, Астраханда, Оралда, Омбыда, Қызылжарда, Семейде, Верныйда, Ташкентте, Ашхабадта бөлімшелері құрылатын болды. Ұйымның бағдарламасын қабылдау бүкілресейлік мұсылмандардың кезекті съезінің үлесіне қалдырылды. Съезд делегаттары Мемлекеттік думаға сайлау кезеңіндегі мұсылмандардың тактикасы мәселесін де қарады. Мұсылмандарды сайлау науқаны кезінде “Конституциялық-демократиялық партиямен” ынтымақтаса әрекет етуге шақырған қарар қабылданды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |