Бетеге
Бетеге | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
300 түрі белгілі |
Бетеге (лат. Festuca) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер.
Далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерлерінде өседі. Олардың гүлшоғыры селдір, кейде тығыз сыпыртқы гүлді. Масақ гүлі үш немесе көп гүлді болады. Сабағында жапырағы сирек орналасқан, ұзынша, жылтыр болып келеді. Қазақстанда 20 түрі бар, жиі кездесетін түрлері кәдімгі бетеге, су бетегесі.
Кәдімгі бетеге (Festuca sulcata), биіктігі 30 — 60 см, сабағы тегіс, кейде бұдырлау болады. Жапырақтары жіңішке, жіпше тәрізді. Гүлшоғыры — қысыңқы не жайма шашақ. Масағы ұсақ, гүл қабыршағы қысқа, қылтанақты келеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Кәдімгі бетегенің 100 кг пішенінде 50-ден астам азық өлшемі, 5 кг сіңімді протеин болады. Оны жылқы, қой, ешкі сүйсініп жейді.
Су бетегесі (Festuca pratensіs) — биіктігі 30 — 100 см, сирек түпті өсімдік. Жабайы түрде Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық өзендерінің шалғынды алқаптарында өседі. Гүлдегенге дейін оның құрамында протеин (17%), белок (15%), май (23%), клетчатка (8%) көп болады. Су бетегесі — суыққа, қуаңшылыққа төзімді, құнарлы мал азықтық шөп.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған т А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |