Беріктік
Беріктік — материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т.б. өрістері, кебу немесе ісіну, т.б.) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.[1]
Беріктіктің әр түрлі жағдайдағы өлшемдеріне пропорционалдық шегі, аққыштық шегі, сырғымалық шегі, беріктік шегі, т.б. жатады.
Беріктіктің мынадай түрлері бар:
- теориялық беріктік — атом аралық ілінісу күштері арқылы есептелінетін беріктік (ол шамамен бойлық серпімділік модулінің 1/6-іне тең);
- техникалық беріктік — нақты материалдарда байқалатын беріктік (мысалы, болатта ол шамамен теориялық беріктіктің 1/10-іне, ал көптеген қатты денелерде теориялық беріктіктің жүздік және мыңдық үлесіне тең);
- құралымдық беріктік — балқытып біріктірілген тораптардың, иінді біліктердің, турбина қалақшаларының, т.б. құралымдық элементтердің беріктікгі. Құралымдық элементтердің беріктікгі оларда беттік ақаулардың, ішкі кернеулердің, т.б. болуына байланысты техникалық беріктіктен төмен болады;
- динамикалық беріктік — материалдардың динамикалық жүктемелерді қабылдай отырып, бүлінбеу қасиеті;
- ұзаққа созылатын беріктік — ұзақ уақыт бойы сырғымалы қалыпта болған материалдардың беріктікгі. Жіптердің, сымдардың, талшықтардың, т.б. материалдардың беріктікгі оларға түскен ажырату (үзіп жіберу) күшінің олардың (жіптің, талшықтың, сымның, т.б.) сызықтық тығыздығына қатынасына тең. Беріктік Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) НҺм/кг арқылы өрнектеледі.
1976 жылдан бері Қазақстан Металлургия және кен байыту институтында рений, осмий, молибден, вольфрам, ванадий аралас материалдардың беріктікгі бойынша көлемді зерттеулер жүргізіліп келеді (А.Қонаев, Е.И. Пономарева, З. Әбішева, т.б.).[2][3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |