Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу — бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің басты құралы. Бағалы қағаздар нарығындағы қатынастардың күрделілігі, оның ауқымы, нарыққа тән тәуекел, оған қатысушылардың қауіпсіздік мүдделері ондағы жұмыстың егжей-тегжейлі стандарттары мен ережелерін қабылдау, сондай-ақ реттеу мәселелеріне түрлі мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттеуші ұйымдарды тарту қажеттігін талап етеді. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар мен мемлекет мүдделерінің көптеген ұстаным бойынша сай келуі туындаған мәселелерді оралымды түрде шешудің әдісі ретінде өзін-өзі реттеуді пайдалануға мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мына қағидаларға негізделген: ел аумағында нарықты реттеудің нормативтік негіздерінің, режимінің, әдістерінің бірлігі; мемлекеттің аз араласуы және өзін-өзі көп реттеу; тең мүмкіндіктердің болуы; бағалы қағаздар нарығындагы бәсекеге мемлекеттің ынталандыруы; бағалы қағаздар нарығында түрлі жобаларды мемлекеттік қолдаудың жария бәйгелестікпен бөлінуі; нарықта жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындардың коммерциялық кәсіпорындардан артықшылығы болмауы; нарыктың кәсіпқой қатысушылары көрсететін қызметтің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту; бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесін дамытудағы сабақтастық.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |