Мазмұнға өту

Анттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Анттар (грек. Antaі) — тайпа атауы. 6-7 ғ-дағы Византия жазбаларында сақталған. А. туралы негізгі деректер 6-7 ғ. жазушылардың еңбектерінде (Прокопий, Йордан, Агафий, Менандр, Феофилакт т.б.) кездеседі. Днестр мен Днепр арасындағы орманды жерлерді, Днепрдің шығ. жағын мекендеген. Олар егіншілікпен, отырықшы мал ш-мен, қолөнермен айналысқан. Темір өндіру, қыш құмыра жасау, сүйек, тас өңдеу, зергерлік, тоқымашылық өнерін білген. Ауылдық қауымдастық, құл иелену өріс алған. А. 385 ж. гот королі Винитарды (Витимир) жеңді. 6 ғ-дан бастап өздеріне туыстас склавиналармен бірге Византияның Балқандағы жерлеріне шапқыншылық жасайды. 550 — 551 ж. соғыс кезінде А-дың жартысы — склавиндер Балқанда қалып қойды. А. атауы 7 ғ-дан бастап жазба естеліктерде кездеспейді.