Мазмұнға өту

Анагенез

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Анагенез (көне грекше: ἀνα- — жаңа және γένεσις — пайда болу) - эволюциялық процессінің бір түрі: бір ата-тектен тараған ұрпақтардың дауы үзілмей бірте-бірте өрлеп келе жатқан жағдайда әрбір даму сатыларында прогрестік өзгерулердің пайда болуы

Бұл терминді американ палеонтологі А. Хайатт (1866) систематикалық ірі топтардың бастапқы сатыдағы дамуын сипаттау үшін қолданған.

1947 ж. австрия биологі Б.Ренш анагенез терминімен эволюция кезінде ағзалардың ірі топтарында жаңа органдардың пайда болуын, жетіле қалыптасуын атаған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998