Альбигойшылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Альбигойшылар - 12 -13 ғасырларда Францияда орта ғасырлардағы қаланың экономикалық және руқани өмірінде үстемдік құрған котоликтік шіркеуге қарсы бағытталған күпірлік қозғалысына қатысушылар. Қозғалысқа негізінен қолөнершілер қатысты, оған шаруалардың бір бөлігі мен ұсақ феодалдар да қосылды. Альбигойшылар материалдық "сайтан әлеміне" (яғни жер бетіндегі бүкіл өмірге) рухани "құдай әлемін" қарсы қойды және католиктік шіркеуді "сайтанның күші" деп атады. Құдайдың үш бірлігін , жұмаққа кірер алдындағы күнәдан тазартатын орынды, тозақты, шіркеу құпиялығын және ырымдарын, креске, иконаға, аруақтарға табынуды жоққа шығарды, папа билігін мойындамады. Альбигойшылар 13 ғасырдың басында папа Иннокентий III жүргізген крест жорықтары нәтижесінде талқандалды және инквизиция нәтижесінде түпкілікті жойылды.



Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

[2]

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  2. Д. Мадеев, Е. Сапуанов «Атеистің қалта сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1988 жыл, 288 бет