Аксоплазма
Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |