Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов
Көрініс
Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
05.05.1947 Атырау облысы Жылыой ауданы Ракөш ауылы |
Мансабы: | күйші, дирижер, композитор. |
Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов (05.05.1947 жыл Гурьев облысы, Жылыой ауданы, Ракөш ауылы) - күйші, дирижер, композитор.
Ата-анасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әкесі - Жайымов Тілепқали (1922-1988), бухгалтер болып жұмыс істеген, ҰОС қатысқан еңбек ардагері, II топтағы мүгедек. Анасы - Бежбаева Күмсай (1924-2009), батыр-ана, еңбек ардагері.
Білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра және дирижер мамандықтары бойынша халық аспаптары факультетін бітірген (1978), концерт орындаушысы, оқытушы, халық аспаптар оркестрінің дирижері.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1964 жылдан - Гурьев облысы, Ембі ауданы, «Ембі» кеңшарының құрылысында әртүрлі жұмысшы.
- 1966 жылдан Гурьев облысы, Ембі ауданы, М. Әуезов атындағы ОМ ән айту және сурет салу сабағының оқытушысы.
- 1968 жылдан - Гурьев музыкалық училищесінің студенті.
- 1972 жылдың қыркүйек айынан - Гурьев облысы, Ембі аудандық музыка мектебінің директоры.
- 1973-1978 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті.
- 1976 жылдан - П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінің домбыра оқытушысы.
- 1978 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы домбыра кафедрасының оқытушысы.
- 1979 жылдан - Ұлан-Батыр қаласы Музыкалық училищесінің оқытушысы (Моңғолия).
- 1981 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра оқытушысы.
- 1991 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі - бас дирижері.
- 2008 жылдан бері - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі бас дирижері.
Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Домбыра ойнау өнері» (1989), «Домбыра үйрену мектебі» (тең автор, 1992), «Музыка» (тең автор, 2001) оқу құралдарының, «Шалқыма» (1997), «Шаттанамын» (1997) кітаптарының авторы.
Жеке қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ҚР Композиторлар одағының мүшесі (1999 жылдан).
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (1994)
- Өнертану мамандығы бойынша профессор (1997)
- ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2007)
- Атырау облысы, Жылыой ауданының Құрметті азаматы (2007)
- "Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен марапатталды (2011)
- Атырау облысының Құрметті азаматы (2014)
- "Қазақ хандығына 550 жыл" медалімен марапатталды (2015)
- "Алпамыс батыр" медалімен марапатталды (2017)
- "Түрксой" медалімен марапатталды (2017)
- "Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл" медалімен марапатталды (2018)
- "Парасат" орденінің иегері (2018)
- Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (2019)
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тұл ер. Жұбайы - Елеуғалиева Нұрсұлу Хайроллақызы (1950-2009), қобыз классы бойынша оқытушы болған.
- Қыздары - Жайымова Гаухар (1973 ж.т.), Жайымова Гүлмира (1975-2009);
- ұлы - Жайым Арман (1983 ж.т.).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Санаттар:
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 5 мамырда туғандар
- 1947 жылы туғандар
- Жылыой ауданында туғандар
- Күйшілер
- Домбырашылар
- Қазақстан сазгерлері
- Қазақстан дирижерлері
- Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры
- Атырау облысының құрметті азаматтары