Азия теледидары
Азия теледидары - өткен ғасырдың 1960 жылдың басында пайда болған теларна. Ол кезде теледидар 13 елде, 1970 жылдың ортасында 30 елде, 1990 жылы 43 елде тұрақты хабар таратты. Осындай кқұбылыс радио ісінде де байқалды.[1]
Соңғы онжылдықта Азиядағы радиоқабылдағыштар саны әлденеше еселеніп, көбейді. Радиохабары Азияда басқа елдермен салыстырғанда қарқынды дамыды. Азияда телевизор саны үшінші онжылдықта 3 есе өсті. Азияда бір жылда тележүйеге 15 млрд. доллар жұмсалды. Алайда радио мен теледидардың дамуы мен деңгейі Азия континентіндегі елдерге байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, Азияның 18 елінде 1000 адамға 6-дан (Бангладеш), 100 қабылдағыштан келеді (Түркия). 1000 тұрғынға 100 газет, 50 радиоқабылдағыш, кинотеатрдан екі орын, 20 телевизордан келеді. Азияның тоғыз елінде радиоқабылдағыш саны 1000 адамға шаққанда 120 (Малайзия, Таиланд), 170 (Ирак), 331 (Кипр), 400-ге дейін (Оңтүстік Корея), 356 (Гонконг), 571 (Жапония), Қытай мен Үндістан сияқты ірі Азия елдерінде қоғамдық жерлерде, дауыс үдейткіш ұжымдық хабар тарату өріс алды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|