Мазмұнға өту

Адренэргиялық жүйке жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Адренэргиялық жүйке жүйесі — вегетативтік жүйке жүйесінін жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке талшықтарынан кұралады. Олардың жүйке ұштары адреналин және норадреналин олигопептидті нейрогормондарын бөледі. Адренэргиялық жүйке жүйесіне тер бездерін жүйкелендіретін жүйке талшықтарынан басқа, адам мен жануарлар организмдеріндегі барлық симпатикалық жүйке талшықтары жатады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9