Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Автоматты Ай станциясы- Ай бетінде жұмыс істеуге арналған космостық аппарат. Ол Айдың физикалық жағдайын және Ай бетінің сипаттамаларын зерттейді. Автоматты Ай станциясының бортына ғылыми аппаратура және жерге бақылау деректері мен Ай бетінің бейнесін беретін радиотелеметриялық, телевизиялық жүйелер орнатылады. Оның конструкциясы мен аппаратурасы Айдағы ерекше жағдайға сай жұмыс істеуге бейімделген. 1966 жылдың 3 февралында «Луна-9» планета аралық автоматты станция арқылы Айға тұңғыш рет совет «Автоматты Ай станциясы» қондырылды. Кейіннен советтік «Луна-13», «Луна-16», американдық «Сервейер-1», «Сервейер-3», «Сервейер-5», «Сервейер-6», «Сервейер-7» автоматты Ай станциясы келіп қонды.