Абсорбент
Абсорбент (лат. absorbeo — сіңіру) :
- газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат.[1]
- бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат.[2]
Биологияда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Адам мен жануарлардың дене құрылысындағы сіңіргіш құрылымдарға: жасушалардың биологиялық жарғақтары (мембраналары), арнайы (жасушалар микробүрлері) және жалпы органеллалар (лизосомалар т.б.);
- Өсімдіктер организмдерінде — тамырдын, сабақтың, жапырақтың беткей жаткан жасушаларының плазмолеммалары жатады.[1]
Химияда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әр абсорбент белгілі бір заттарды ғана (мысалы, су, сұйық зат, қышқылдардың, сілтілердің сулы ерітінділері) белгілі мөлшерде сіңіре алады. Мұндай қасиет газ қоспаларын бөлуде және тазалауда немесе дайын өнім алуда қолданылады. Абсорбент қаныққан буының қысымы төмен, қайнау температурасы жоғары, ал өзі арзан болуы керек.[2]
Тау-кен ісінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абсорбент (лат. absorbens— сіңіргіш зат) — абсорбент, көлемді сіңіргіш зат — бойына cудан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат.[3].
Медицинада
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сорбенттер мен энтеросорбенттер әртүрлі аурулардың алдын-алу және емдеуде қолданылады. Атеросклероздың және жүректің ишемиялық ауруының дамуын болдырмайды. Тамақтанудың жедел улануымен, әртүрлі улармен, есірткі мен есірткі заттарымен улану, алкогольдік тамақтанудың шамадан тыс артуы, нашақорлық пен алкоголизмнен туындаған симптомдарды, бүйректің, бауырдың, ұйқы безінің, асқазан-ішек жолдарының, аллергиялық және иммундық тәуелді ауруларды емдеуде тиімді ( бронх демікпесі, ревматизм, тамақ аллергиясы, склероз, псориаз).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- ↑ a b Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |