Абайды білмек керек ойлы жасқа
«Абайды білмек керек ойлы жасқа» — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады. Екінші бөлімде жазушынын қаламынан туған ақын Абайдың 4 турлі өмірбаяны жүйеленіп берілген. Абайдың өмірі мен шығармашылығын 20-жылдардан бастап зерттеген Мұхтар Әуезов ұлы ақынның ғылыми өмірбаянының алғашқы нұсқасын 1933 ж., кейін жаңа деректермен толықтырып, 1940 ж. екінші, 1945 ж. үшінші, 1950 ж. ең соңғы нұсқасын жазды. Бұған сол кездегі қоғамдық-саяси ахуал, тарих талқысы, жаппай етек апған қуғын-сүргіннің әсері де аз болмады. Бұл жайлардың бәрі әр кезеңге сай жүйелі түрде баяндапған. Кітап студенттер мен оқушыларға, мұғалімдер мен көпшілік оқырман қауымға арналған. Көлемі 22,8 баспа табақ таралымы 2000 дана.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |