Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі
«Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі» - «Өнер» баспасынан орыс және қазақ тілдерінде 1984 ж. жарық көрген жол көрсеткіш. Құрастырғандар -М. Бейсенбаев пен М. Жүнісова. Кітапша Абайдың республикалық музейінің құрылу, қалыптасу тарихынан, ақынның қоғамдық қызметіне, шығармашылық мұрасына қатысты музейде сақталған дүние-мүлік, сурет, кітап, жазба құжаттар туралы мол мағлұмат береді, музейдің ішкі-сыртқы көріністерінің түрлі-түсті фотосуреттері енгізілген. Абаймен достық қарым-қатынаста болған орыс демократтары, ақынның Семейдегі ескерткіші жөнінде түсініктер берген. Көлемі 2,0 б. т., 10 мың дана болып басылған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |