Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Соғым сүрлейтін шошала

Абай Құнанбайұлының қорық-мұражайы - 1971 жылы Жидебайдағы Абай қыстауы үкімет қаулысымен қалпына келтіріліп, мұражай ретінде ашылды.


Үй - дәлізден, ас уйден, қонақжайдан, Абайдың жұмыс бөлмесінен, Ділдәнің, Әйгерім мен Еркежанның отауынан, соғым сүрлейтін шошаладан, лапастан, екі себеттен тұрады. Әр бөлмеге Абайдың өзі Семей өлкетану мұражайына өткізген экспонаттармен қоса, сол үйге тікелей қатысты заттар орналасқан. Ақынның көзі тірісіндегі жиһаз-мүліктер, Ділдә мен Еркежанның жасаулары, саят құралдары, жиған кітаптары, тоғызқұмалақ тақтасы, ақынның қойын сағаты мен тісқабы, жазу үстелі мен орындықтары, ат әбзелдері, сондай-ақ өзге де тұрмыстық-этнографиялық мемориалдық мұралар қойылған.
1990 жылы сәуір айынан бастап қорық-мұражай болып қайта құрылды. Жидебайдың айналасындағы Абайға тиесілі 6 400 га жер қорық ретінде мемлекеттік қорғауға алынды. Қорықтың аймағында Зере, Ұлжан, Құдайберді, Ғабитхан кесенесі, Абай мен Шәкәрімнің ғимарат-кешені, Кеңгірбай бидің мазары, Оспан көлі, Мұқсақұл төбесі, Турағұл қыстауы, Тәкежанның қоныстары орын тепкен.
Мұхтар Әуезовтің ұсынысы бойынша, мұражай 1957 жылдан бастап қоршалып, түрлі мұрағаттық жабдықтармен толықтырыла бастады. Жазушы бала кезінде атасы Әуезге еріп, Жидебайға келген, Абайды көріп, батасын алған. «Абай жолы» эпопеясында Жидебай қыстауы кеңінен суреттелген. «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында ұлы жазушының өзі сызып, қағазға түсірген Жидебайдағы Абай үйінің жобасы сақтаулы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8