Александр Грэхэм Белл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Александр Грэхэм Белл
ағылш. Alexander Graham Bell

Александр Белл 1904 жыл
Туған күні

3 наурыз 1847 (1847-03-03)

Туған жері

Эдинбург

Қайтыс болған күні

2 тамыз 1922 (1922-08-02) (75 жас)

Азаматтығы

АҚШ, Ұлыбритания

Ғылыми аясы

Логопедия, Телефония

Жұмыс орны

Смитсон институты

Ғылыми дәрежесі

ғылым докторы

Альма-матер

Эдинбург университеті

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Александр Грэхэм Белл (ағылш. Alexander Graham Bell; 3 наурыз 1847 жыл, Эдинбург, Шотландия2 тамыз 1922 жыл, Баддек, Жаңа Шотландия провинциясы, Канада) — тегі шотландық америка және канада ғалымы, өнертапқыш, ғалым, алғаш рет қолданыстағы телефонды жасап оны патенттеген инженер, телефонның халықаралық деңгейде жалпы қолданыс құралы ретінде қолданылуына ықпал еткен алғашқы адамдардың бірі, сондай-ақ АҚШ-тағы телекоммуникация саласының өркендеуіне үлес қосқан American Telephone and Telegraph Company (AT&T) компаниясының негізін қалаушы. Беллдің әкесі мен ағасының сахнада сөз сөйлеу ісімен айналысқандығы, сондай-ақ анасы мен әйелінің саңырау болуы Беллдің өміріне үлкен әсерін тигізді.[1]

Александр Грэхэм Белл Шотландияның Эдинбург қаласында 1847-ші жылдың 3-ші наурызында туылған. Александр логопедтер отбасынан және сөзге шешен ұстаздар отбасынан шыққан[2]. Атасы Александр Белл театрда актер болып еңбек еткен, ал кей кезде суфлер болып жұмыс жасаған. Ол кәсіби түрде дыбысталу мәселесімен айналысқан, 1836-шы жылы «Кекештену және сөйлеудегі бұзылыстар» («Stammering and Other Impediments of Speech» ) және кейбір газеттер оны Қызыл тілді Профессор («Professor of Elocutio») деп атай бастаған.[3]

Оның әкесі Мелвилл Белл 1849-шы жылы "Сөйлеу және шешендік принциптерді жаңаша түсіндіру" кітабын шығарды (ағылшын тілінде a new Elucidation Of the Principles Of Speech And Elocution). Бұл кітапта ол "әр түрлі дыбыстарды білдірудің барлық мүмкін жолдарын білдіретін ғылыми алфавит" құру керек деген ойды білдірді. 1860-шы жылы ол үлкен жетістікке жеткен "шешендік Стандарт" (the Standard Elocutionist) кітабын шығарды. XIX ғасырдың аяғында Ұлыбританияның өзінде 168 баспа осы кітапты шығарған , ал АҚШ-та осы кітаптың 250 мыңнан астам данасы сатылды.[4] Мелвилл бірнеше жылдар бойы адам сөйлеуінің барлық мүмкін дыбыстарын жинады, оларды көбейту тәсілдерін мұқият жазды және оның барлық еңбектері 1867-ші жылы басылған "Көрнекі тіл" (Visible Speech: The Science Of Universal Alphabetics) кітабында жинақталған[5].

1843-ші жылы Мелвилл Белл өзінің болашақ әйелі Элиза Грейс Симондспен (Элиза Грейс Симондс), тапсырыс бойынша сурет салған кеме хирургының қызымен кездесті. Ол болашақ жұбайынан 10 жас үлкен еді, тағы бір айта кетерлігі, есту қабілеті нашар болды, сондықтан ол үнемі арнайы есту түтігін қолдануға мәжбүр болды.

1844-ші жылдың 19-шы шілдесінде олар үйленді[6].

Некеден үш ұл дүниеге келді: 1845-ші жылы олардың ұлы Мелвилл Джеймс (Mellville James), 1847-ші жылы Александр Белл (Alexander Graham), 1848-ші жылы үшінші ұлы Эдвард (Edward Charles) дүниеге келді.

Балалық және жасөспірім кезеңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық үш ағайынды алғашында үйде оқыды, бірақ 10 жасқа толысымен олар мистер Макларен (Maclaren’s Hamilton Place Academy) жеке мектебіне жіберілді. 11 жаста олар оқуын жалғастырды, әкесі өз ұлдарын Шотландияның ең үздік мектебі - Эдинбург Патшайымы Жоғарғы мектебіне (Edinburgh’s Royal High School) жіберді. Осы мектептегі антикалық тілдерден сабақ жақсы өтетіндіктен "Солтүстік Афина" деп аталған, алайда Александр Белл бұл мектепте аса қатты табысты бола қойған жоқ. Үлкен ағасы 1858 жылы өлеңдерді мәнерлеп оқығаны үшін бірінші сыйлығын алды, 1860 жылы тағы да бір сыйлық алды, ал 1862 жылы ол француз тіліндегі жетістігі үшін сыйлықты иеленді. Ал Александр Белл мектепте аса қатты көзге түсе қойған жоқ.

Александр Беллдің музыкаға икемі байқалды, сондықтан оны пианист Аугусто Бенуа Бертиниге (Auguste Benoit Bertini) оқуға жіберді. Мектеп жылдары ол басқа Эдинбург мектебіндегілердей аса қатты қызығушылықсыз крикет ойнады.

Александр Белл әрдайым қызыққұмар әрі ғылымға әуесқой болды , сонау жасөспірім кезінде-ақ "балалар арасындағы ғылымды дамыту қоғамын" құрды. Бұл қоғамда барлық оқушылар "профессор" деп аталды және ғылыми баяндамаларымен шықты. Бір күні осы "қауымдастық" шошқаның тұтас етін соймақшы болады. Александр Белл тіліп кесе бастайды, бір кезде тұтас еттен жануарлардың өкірген дыбысына ұқсас қорқынышты дыбысы бар газ шыға бастайды. Соңында "профессорлар" қорқынышпен қашып тарқасады.

Ағасы Эдинбург Жоғарғы Мектебінің алты жылдық курсын аяқтады, ал Ескендір ол жерде 4 жыл ғана оқыды. 15 жасында әкесі Александрды Лондонға атасынан шешендік өнерді үйретуге жіберді.[7]

Ұлы Британиядағы мұғалімдік мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Александр Белл әкесіне оның тәжірибелерін жасауға көмектесті, өзі де шешендік өнерден ұстаз болып жұмыс жасай бастады. 1863 жылы ол Weston House жергілікті жеке мектепке мұғалім болу үшін Шотландияның солтүстік жағалауындағы шағын Элгин (Elgin) қаласына келді. Ол жерде ол жылына 10 фунтқа музыка мен шешендік өнер оқытушысы болып жұмыс істей бастады. Сол кезде Александр Беллдің жасы 16-ға енді толған еді, ал кейбір шәкірттерінің жасы одан үлкен де болатын.[8]

1864 жылы Александр Белл Эдинбург Университетінде оқи бастады. Келесі жылы ол Weston House-ға қайта сабақ беруге оралды. Отбасында ауыр жағдай болды: 1865 жылы оның атасы қайтыс болды. Мелвилл Белл оның ісін жалғастыру үшін Лондонға аттанды. Мелвиллге өз ұлын ісін жалғастыру үшін көп үгіттеуге тура келді. Александр Белл бір мезетте сабақ беруге және Эдинбург Университетіндегі барлық емтихандарын тапсыра алатынына сенді. Мелвилл ұлының оқу мен сабақ беруді бірге алып жүре алмайды, Лондон Университетінде оқығаны жөн деп санады.

1866 жылы Мелвилл өз ұлын Bath қаласында Сомерсетшир колледжіне (Somersetshire College) мұғалімдік жұмысқа орналастырды. Бұл мекеме колледж деп аталғанымен, жеке мектеп болатын, онда джентельмендер буыны даярланған еді.

Оның бөлмесінде электр батареялары, магниттер мен әртүрлі реактивтері бар түтіктер жиі байқалатын. Терезесінен сымдар шығып тұратын, Александр достарымен Чарльз Уитстон телеграфымен сөйлескенді ұнататын. Александрдың Бэф-те болуы 1866-1867 оқу жылына дейін жалғасты, бірақ 1867 жылы көктемде туберкулезден қайтыс болған інісінің қайтыс болуына байланысты оның оқуы тоқтап қалды.

1867 жазында Александр Белл әкесіне  ғылыми және педагогикалық сабақтарына көмектесу үшін Лондонға көшті. Онда ол Оксфордтың ағылшын сөздігінің (Oxford English Dictionary) болашақ авторы Мюррей мырзамен (Муррей) кездесті.

1868 жылы Александр Белл оқуға түсу емтихандарын тапсырып, Лондон университетіне қабылданды. Дәл осы жылы ол алғаш рет саңырау балаларды оқытып сурдопедагог атанды. Мелвиллге Оңтүстік Кенсингтондағы (South Kensington) саңырау балаларға арналған жеке мектепке оның "Көрнекі сөйлеу" жүйесін қолдануға Сьюзан Халл (Susanna E. Hull) ұсынысын білдірді. Мелвилл осы тапсырманы орындау үшін Александрды сонда жіберді, ақырында сурдопедагогика оның өміріндегі басты істің біріне айналды.

1870 жылы Александрдың ағасы Мелвилл туберкулезден ауырып қайтыс болады. Александрдің де денсаулығы нашарлай бастайды. Осы жағдайды көріп әкесі Мелвилл кіші ұлын жоғалтып алудан қорықты, сондықтан ол барлығын тастап баласымен бірге Канадаға көшті.

АҚШ-тағы оқытушылық мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1870 жылы 21 шілдесінде Беллдің отбасы кемеге отырып Жаңа Дүниеге аттанды. Александр Белл бұл туралы өзінің достары мен туыстарына әңгімелегенде "Канадаға өлу үшін кеттім" деп айтатын.

Саңырауларға арналған Кларк мектебінің кампусы

Беллдің жанұясы Онтарио, Брэнтфордқа аялдады. Ол жерде шешендік өнер мұғаліміне қатысты бос жұмыс орыны болмады, сондықтан Мелвилл мен Александр ұзақ уақытқа жұмыссыз қалды. Александр үйден бірнеше миль қашықтықтан тыс үндістердің әртүрлі тайпаларын тапты (Mohawk, Tuscarora, Oneida, Onondaga, Cayuga and Seneca). Осы тайпалардың үндістері Александр Беллдің сөздік және дыбыстық қорын байытып, оның зерттеу ісіне кең мәлімет берді. Александр Беллдің жеке өмірбаяншысы Шарлотта Грей Могавк тайпасының басшысы Беллді соғыс биіне үйреткені жайлы да айтқан. Осы биді Александр Белл өз жеңіске жеткен сәттерінде билеген деседі, ал айналасындағылар таң қалған көрінеді.

Мелвилл Белл өзіне және баласы Александрге айналысатын жұмыс табуға талпынды, бірақ бұл оңай емес еді. Аймақтағы барлық оқу орындарына өтініш жазды, бір күні 1871 жылдың наурызында Бостон мектебінен саңырауларға арналған мұғалім жұмыс орны бар екендігі туралы жауап келді. [9]

Саңыраулар мектебінің оқушылары мен мұғалімдері (1883, Вашингтон, Колумбия округі)

"Көрнекі сөйлеу" жүйесі өз жемісін бере бастады, 1871 жылдың қарашасында бостон газеттері Александр Беллдің сурдопедагогикадағы табыстары жайлы жаза бастады. 1872 жылы ол Бостон Университетінің Шешендік Мектебінде "дыбыстық физиология мен қызыл тіл" профессоры атанды (professor of Vocal Physiology and Elocution, Oratory School), бұл 26 жастағы университет дипломы жоқ жас жігіт үшін үлкен дәреже еді. Оның табыстары Нортгэмптондағы Саңырауларға арналған Кларк мектебінің (Clarke School for the Deaf, Northampton, Massachusetts) президенті мистер Гардинер Хаббард (Gardiner Greene Hubbard) көзіне түсті.

"Көрнекі сөйлеу" жүйесі Массачусетс Медициналық Қоғамының (Massachusetts Medical Society) жиынында қошеметке ие болды, ал 1874 жылы Александр Белл өзі жеке 60 делегат жиналған "Көрнекі сөйлеу"-дің оқытушылар конвенциясын жасады.

Гардинер Хаббардтың қызы Мэйбел Хаббард (Mabel Gardiner Hubbard) ең үздік оқытушылардан оқыды, тіпті оған Ескі әлемнің үздік оқытушылары Еуропада дәріс берген. Ол өзінің құлағының мүкістігін жасыра білді және бірнеше тілде сөйлесуді үйренді (көзбен көре отырып). Бірақ сонда да оның сөз сөйлеуімен жұмыс істеу керек еді, сондықтан Гардинер Хаббард Александр Беллді Мэйбелге "Көрнекі сөйлеу" жүйесі бойынша сабақ беруін сұрады. Мэйбел 15 жасында Александрдан сабақ ала бастады. Бірақ Мэйбел өзінің күнделігінде алғашқы кездесуде Александр оған мүлде ұнамағанын мойындап жазды. Ал Александр Белл екеуі оқуға кіріскен кезде мұндай жылдам қағып алатын, ынталы оқушыны кездестірмегенін айтты.

Мультиплексті телеграф жасау жұмысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1860 жылдарда-ақ Хаббард Конгрессте телеграф корпорациясының құрылғысының жобасын өткізуге тырысты. Бұл жоба АҚШ-тағы телеграф хабарламаларын жеңілдетуге әрі арзандатуға мүмкіндік беретін еді. Хаббард Вестерн Юнион (Western Union) телеграф компаниясының монополиясы телеграфияның дамуын тежейді, оның телеграммалары Ұлы Британияның 1868 жылы ұлттандырған (мемлекет мүлкіне айналдырылған) телеграфынан қымбат деп сендірді.[10]

АҚШ үкіметінің пікірінше, "Америка Пошта Телеграф Компаниясын" (United States Postal Telegraph Company) құру керек болған, бұл компания пошта трактілерінде телеграф желісін құрып оны Вестерн Юнионның телеграмына қарағанда екі есе арзан жіберуге болатын еді. Хаббард жаңа технологиялар бұл үрдісті жеңілдетеді және бұл компанияны күш қуаты мол Гардинер Хаббард сияқты адам басқара алады деп сендірді.

Вестерн Юнионның президенті мистер Уильям Ортон (William Orton) бұл жобаны мемлекеттің жеке кәсіпкерліктің еркіндігін бұзатын экономикалық өміріне дөрекі түрде қол сұғу деп атады. Ол мультиплексті телеграф саласындағы ғылыми жұмыстар туралы естіген болатын. Бұл мультиплексті телеграфтың көмегімен бір мезетте бір сым арқылы бірнеше телеграф хабарламаларын жіберуге болатын еді. Гардинер Хаббард егер өзінде осындай құрылғы болса , онда ол өзінің жаңа компаниясына инвесторлар тарта алатынына сенімді еді. Аңыз әңгіме бойынша, оған қызының мұғалімі Александр Белл қонаққа шай ішуге келеді. Александр Белл тамаша пианист болатын, келген қонақтарды пианино тартып көңілін көтереді. Содан кейін ол қонақтарға акустикалық резонанспен трюк көрсетеді. Ол пианиноның корпусының ішінде әртүрлі ноталарды шырқады, ал оның жауабына әртүрлі ішектерден дыбыс шықты. Бұл трюк "Ескендір Беллдің тарихы" фильмінде көрсетілген (The Story of Alexander Graham Bell (1939)).

Гардинер Хаббард осындай тәсілмен телеграф хабарламаларын жіберуге болады ма деп сұрағанда Александр әртүрлі ноталарды бір ауа кеңістігінде жіберуге болады, сол сияқты әртүрлі хабарламаларды да бір сыммен, өткізгішпен жіберуге болады деп жауап берді. Осыдан кейін ол мультиплексті телеграфпен айналыса бастады.   

Бұл жарыста Александр Вестерн Юнион компаниясынан тым қалып қалды, олар 1872 жылы Джозефа Стернстің (Joseph Stearns) дуплексті телеграфына құқық алған еді. Бұл телеграф бір сыммен бір мезетте қарсы хабарлама жіберуге болатындай еді. 1874 жылы ол Томаса Эдисоннің (Thomas Edison) квадруплексті телеграфын сатып алды, бұл көрсеткіш екі есе өсті. Александр Белл өзінің тәжірибелері мен сынақтары үшін Бостондағы Чарльза Вильямстің (Charles Williams) шеберханасынан аспаптар мен материалдарға тапсырыс беретін. Телеграфты қайта қалпына келтіру мүмкін болмайтын, әртүрлі бөлшектері сынып қалатын. Шеберхананың ережесі бойынша клиент тапсырысты клеркке қалдырып кетуі керек болатын, ал клерк тапсырыстарды шеберлерге бөліп беретін. Бір күні шеберханада мынандай бір оқиға болды. Шеберхананың бір қызметкері Томас Ватсон (Thomas Watson) алты хабарламаны бір мезетте жіберуге есептелген телеграфты қалай жасауға болатынын түсіндіре бастаған бір клиенттің үстелге телеграф аппаратурасын қойғанын көреді. Сөйтіп Томас Ватсон Александр Беллдің жұмысына толық жұмыс күніне ауысып, оның өндірісінде компаньон атанады.

Телефонды ойлап табуы және оны дамытуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сапар барысында ол ұлы физик Джозеф Генридің қабылдауында болды. Қызу әңгіме барысында Александр Белл оған электр қуатын пайдаланып дыбысты беру туралы идеялары туралы айтып берді, тіпті тәжірибе жасап көрсетті. Генри мырза оған осы саладағы ғылыми жұмыстар туралы, тіпті неміс Филип Рейстің телефон аппараты туралы айтты. Джозеф Генри одан өзінің жаңалықтарын Смитсон институтының баспасөзінде жариялау керек пе, әлде Александр өзінің эксперименттерін логикалық қорытындыға келтіре ала ма деп сұрады. Александр Белл оның электромагнетизм саласында білімі жоқ екенін және оның сәтті шығатынына күмәнданатынын айтты.

Генри мырзаның бұл салада өзінің көңіл түсірерлік тәжірибесі болған еді. Өз уақытында Майкл Фарадей өзінің физика саласындағы еңбектерін Генриден бұрын жариялады және Джозеф Генри айтқан жаңалықтарымен танымал болды. Тағы бір рет ол электр энергиясын пайдаланып сигнал беру туралы ғылыми зерттеулерін жариялады, бірақ құрылғы жұмыс істемеді, нәтижесінде Сэмюэл Морзе телеграф әкелген барлық байлық пен даңққа ие болды. Генри Мырза Александр Беллге өз жұмыстарын жарияламауға, тиімді сатуға болатын жұмыс істейтін құрылғыны алғанға дейін жұмыс істеуге кеңес берді. "Осы істі қолыңа ал!"— деп үндеді ол. Белл Генридің бұл сөздері оны басқаларға қарағанда жақсы шабыттандырғанын мойындады.[11]

Александр Беллдің 1875 жылы 2 маусымда сымдар арқылы дыбысты беру тәжірибесі. Үлгі схемасы.

Александр Белл Бостонға келгенде, ол өзінің серіктесімен дыбысты сымдар арқылы тарататын құрылғыны ойлап табу идеясымен бөлісті. Бірақ Беллдің басты демеушілері Гардинер Хаббард пен Томас Сандерс оның күмәнді бастамаларына риза болмады. Олар одан мультиплексті телеграфпен жұмыс істеуді талап етті, содан кейін ол басқа жобалармен айналыса алды.

Бірақ 1875 жылы 2 маусымда оның тәжірибелері нәтиже берді. Александр мен Томас телеграф аппараттарын орнатқан кезде, олар контактілерді жауып тастады, ал Александр өзінің қабылдағышында әлсіз жаңғырықты естіді. Ол бұл дыбысты естіген бойда, сол кезде телеграф кілтін орнатқан Ватсонға қарай жүгірді және оның барлық параметрлері қабылдағышта жаңғырықпен жауап берді. Мұндай оқиғалар бұрын болған, бірақ оларға ешкім мән бермеген, бірақ Александр Белл бұл растауды өзінің болжамдары бойынша көрді, бұл дыбысты сымдар арқылы беруге болады. Осыдан кейін олар күні бойы дыбыспен тәжірибе жасады.

"Дар ағашы" телефоны, 3 маусым 1875 жыл. Реплика. Телефон Тарихы Мұражайының Экспонаты

Сол күні Александр Белл Ватсон 1875 жылы 3 маусымда келесі күні жасаған телефон құрылғысының эскизін жасады. Бұл телефон өзінің формасында ілулі тұрған телефонға ұқсады және байланыс тарихшыларының жадында қалды. Бұл жолы олар әр түрлі бөлмелерге таралып, дыбыс әрең естілді, тіпті алдыңғы күндегіден де жаман еді. Уотсонның өзі бұл телефонды "ащы түңілу" деп атады, бірақ тәжірибелер ары қарай жалғасты.[12]

Телефон Хаббард мырзаны қызықтырмады, сондықтан Белл оған құқықтарының бір бөлігін канадалық көршісі Джордж Браунға (Джордж Браун) 500 долларға беруге шешім қабылдады. Келісім бойынша, ол Лондонға сапары кезінде Британдық патенттік бюроға өтініш беруі керек еді.

Күзде Александр Браун мырзадан оның ісін елемеген жаңалықты күтті. Гардинер Хаббард нәтижелерді талап етті, ал оның бәсекелестері де дыбысты беру құрылғысымен айналысып, нәтижелерге жақындады. Кем дегенде бір нәрсе жасау керек еді, бірақ Александр Белл Браунмен келісіммен байланысты болды. Содан кейін Хаббард мырза мәселені өз қолына алуға шешім қабылдады.

Сұйық түрдегі таратқыш, 1876 жылы 7 наурызда патенттелген және алғаш рет 1876 жылы 10 наурызда сыналған. Реплика. Телефон Тарихы Мұражайының Экспонаты

1876 жылы 14 ақпанда Хаббардтың әріптестерінің бірі, Бэйли және Поллок (Bailey & Pollok) заң кеңсесінің өкілі Энтони Поллок Ескендір Беллдің атынан телеграфты жетілдіруге патент алуға өтініш берді. Сол күні Вашингтондағы патенттік бюроға Уильям Болдвин (Уильям Д.Балдвин) келіп, Элиш Грейдің атынан сұйық таратқышқа патент алуға өтініш берді. Бұл екі сурет бір-біріне өте ұқсас болды, бұл Александр Беллдің бәсекесіне күмән тудырды.

Екі өтінімді зенас Фиск Уилбер мырза қабылдады. 19 ақпанда ол Поллок мырзаға Беллдің өтініші Грей мырзаның дизайнын көшіретінін жазды. Содан кейін Поллок пен Бэйли оның бастығы Эллис Спеарға жүгінуге шешім қабылдады (патенттердің Актинг Кеңесі, Эллис дауысы). 24 ақпанда олар оған сол күні өтінімдерді талдағанын жазды және Беллдің өтініші бірнеше сағат бұрын берілгенін анықтады. Спеар мырза Фиск Уилбердің шешімін жоққа шығарды және 25 ақпанда екі тарапқа да қақтығыс аяқталды деп хабарланды.

1876 жылы 7 наурызда Александр Беллге №174465 патент берілді, ол тарихтағы ең қымбат патент ретінде танылды.

1876 жылдың 10 наурызында Александр мен Томас Ватсон сұйық түрдегі таратқышпен тәжірибе өткізіп жатқан еді. Аңыз бойынша, екеуі екі бөлмеге бөлініп жұмыс жасап жатқан кезде, Александр батареядан шалбарына аяқ астынан қышқылды төгіп алады, сосын "Ватсон, бері келіңізші, сіз маған керексіз!" деп айғайлайды. Ватсон оның дауысын естімеді, бірақ қабылдағыштан алғаш рет сол сөзді естіді. Ол сол мезетте Беллдің бөлмесіне жүгіре кіріп "Мен сіздің әр сөзіңізді естідім!" деп айғайлады. Александр басында не болып жатқанын түсінбеді, ол өзінің күйіп қалған жарасын айтып жатыр еді, тәжірибенің табысты болғанын естіп өзінің жарасы туралы ұмытып кетті. Сол уақыттан бастап күні-түні қабылдағыш пен таратқыштың орындарын ауыстырып не бір нәрселерді айтты, соның ішінде "Құдайым, патшайымды сақтай гөр" деген сөзді де ұмытпады.[13] Сосын жұртшылық патентке өтінішті бергеннен кейін бір ай өткеннен кейін ғана неге айлап сөйлескені туралы сауалдар қойды, көпшіліктің сұрақтары кейін бұрынғыдан да көбейе түсті.

Александр Беллдің телефонға алған патенті 07.03.1876 жыл

Телефон компаниясын құруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1877 жылдың сәуірінде Чарльз Уильямстың үйінен оның шеберханасына дейін ұзақтығы 5 км-ге созылатын телефон желісін орнатты. Бір күні, 1877 жылдың мамырында Эдвин Холмстың ұлы өз жұмыстарымен Уильямстың шеберханасына соға кетеді, олардың телефонды қалай қолданып жатқанын көреді. Эдвин Томас Холмсқа телефон коммутаторын құру туралы идея келіп, оны ол Гардинер Хаббардпен бөліседі. Бостондағы Холмстың кеңсесінде көптеген клиенттердің үйінде күзет құрылғыларына тартылған күзет дабылдамасының пульті болған еді. Эдвин клиенттерге телефон орнатуды және кеңсесінде оларды бір-бірімен жалғауды ұсынды. Бұл ұсыныс мистер Хаббардқа ұнады және осы тәжірибе жасалады. Холмстың көптеген клиенттері жаңалықты қуана қабылдап, өз кеңселеріне осылай қоюды қалады, ал Хаббард оларға жалға телефондар бере бастады. Холмстың кеңсесінде абоненттер бір-бірімен байланысатын ауыстырып қосқыштар жасалып шықты. 1877 жылдың тамызында Беллдің компаниясы 778 телефон орнатты, олардың 700-ден астамы Холмстың кеңсесі арқылы жалғанды[14].

1877 жылдың мамырында телефон аппараттарында "Беллдің тұтқасы" немесе "майлы баспа" деп аталатын ыңғайлы қабылдағышы пайда болды. Бұл құрылғыны Пенсильван Университетінің (University of Pennsylvania) түлегі Александр мен Уильям Ченниң (William Channing) жасап шығарған болатын. Олар бұрын Бостонның өрт дабылдамасы жүйесін орнатқан еді. Ченниңгтің Пенсильван Университетінде телефон тұтқасын ойлап тапқан алғашқы және жалғыз өнертапқыш деп есептейді, бұл университет түлектері жайлы ақпаратта да көрсетілген.[15]

Фотофон өнертабысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медицинадағы жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гидродром жасауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өнертабыстары мен патенттелген технологиялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қайраткерлігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Белл қант диабетімен науқастанып жүрген еді. 1922 жылдың 2 тамызында пернициозды анемиядан Баддек қаласының маңындағы Бейн Брей помещик меншігіндегі өз жер иелігінде қайтыс болды. Оның өлімінен кейін Құрама штаттың (13 миллионнан астам) барлық телефоны аза тұту ретінде бірер минутқа ажыратылды.[16]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Bruce, Robert V. (1990). Bell: Alexander Bell and the Conquest of Solitude. Ithaca, New York: Cornell University Press. p. 419. ISBN 978-0-8014-9691-2.
  2. https://www.wdl.org/ru/item/11375/
  3. https://telhistory.ru/telephone_history/inostrannye-izobretateli/aleksandr-greyam-bell/
  4. https://archive.org/details/bellalexandergra0000bruc
  5. Gray, Charlotte. Reluctant genius. Alexander Graham Bell and the passion for invention. — New York: Arcade Publishing, 2011. — ISBN 978-1-61145-060-6.
  6. Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 15. — 564 б. — ISBN 0-316-11251-8.
  7. Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 31. — 564 бет — ISBN 0-316-11251-8.
  8. Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 37. — 564 бет — ISBN 0-316-11251-8.
  9. Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 74. — 564 с. — ISBN 0-316-11251-8.
  10. Bruce, Robert V. Alexander Graham Bell and the Conquest of Solitude. — Boston Toronto: Little, Brown and Company, 1973. — С. 126. — 564 бет — ISBN 0-316-11251-8.
  11. https://telhistory.ru/telephone_history/inostrannye-izobretateli/aleksandr-greyam-bell/
  12. https://telhistory.ru/telephone_history/inostrannye-izobretateli/priklyucheniya-tomasa-vatsona/
  13. Приключения Томаса Ватсона. telhistory.ru.
  14. Эдвин Холмс (Edwin Holmes). telhistory.ru.(қолжетпейтін сілтеме)
  15. Үлгі қатесі: қара {{Кітап}}
  16. http://books.nap.edu/html/biomems/abell.pdf