Луна-2

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Луна-2
Ұйымы  КСРО, ОКБ-1
Тапсырысы Планета аралық автомат станция
Ұшыру күн-айы 1959 ж. 12 қыркүйек, Байқоңыр
Сөре көлігі Восток-Л (8К72) зымыраны
Тапсырыс ұзақтығы 38,5 сағат
NSSDC нөмірі 1959-014A
Массасы 390,2 кг

Луна-2Ай бетіне жеткен адамзаттың алғашқы ғарыш кемесі.

Бастапқыда оны екінші ғарыш зымыраны деп атаған, кейде Лунник-2 деген атау да кездескен. Құрылысы мен бортындағы құрылғылары Луна-1 аппаратындағыдай болды: магнитометр, Гейгер санауышы, сцинтилляциялық санауыш, микрометеориттер анықтағышы.

Хронологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Луна-1 Айдан едәуір қашықтықта өтіп, ғарышқа ұшқаннан соң, ОКБ-1 ол типтес аппаратты қайтадан ұшыруға тырысты.

1959 жылдың 18 маусымында ұшырылған зымыран-тасығыштың басқару жүйесінде ақау пайда болып, ол тез апатқа ұласты.

1959 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 09:39:42 (UTC+3) старт сәтті өтті.

1959 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 00:02:24 (UTC+3) Луна-2 Ай бетіне 3,3 шақырым/секунд жылдамдықпен ұшып соғылды. Құлаған жері — Жаңбырлар теңізіндегі Аристилл, Архимед, Автолик кратерлері маңы.[1]

Мұражайдағы вымпелдің көшірмесі
  • Бортында болған және Айға жеткізілген, КСРО елтаңбасы салынған екі вымпелдің көшірмесі америкалық Абилин қаласының мұражайында сақтаулы тұр. Оны Хрущев президент Дуайт Эйзенхауэрге 1959 жылдың 15 қыркүйегінде сыйлаған.
  • Жаңбырлар теңізінің бір бөлігіне Лунник шығанағы деген ат берілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Luna 2