III. Пайдалану сипаттамасы
Сіз бұл веб-сайтты ешбір заңсыз немесе тыйым салынған мақсатта пайдаланбайсыз және веб-сайт пен оның мазмұнын өзге ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу үшін пайдаланбайсыз.
Веб-сайттың қандай да бір құрамдасына немесе оның қандай да бір мазмұнына, құрылымына немесе формасына қатынасу, қол жеткізу, оны көшіру немесе бақылау үшін ешқандай автоматты құрылғыны, бағдарламаны, алгоритмді немесе әдісті, оның ішінде «терең сілтемелерді», «веб-іздеу», «веб роботтарын», «веб түсіру құралдарын» немесе осыларға ұқсас не балама түрде қолмен орындалатын процестерді пайдаланбайсыз, осылайша, веб-сайт тарапынан арнайы қамтамасыз етілмеген ешқандай әдіспен ешбір ақпаратты немесе қолжазбаларын алмайсыз немесе алуға тырыспайсыз. OPPO мұндай әрекеттердің кез келгенін тыйым салуға құқылы. Сіз веб-сайттың ешбір мазмұнына немесе қызметіне қандай да бір заңсыз әдіспен рұқсатсыз қатынасуға талпынбайсыз. Сіз веб-сайтқа ешқандай желілік шабуылды жасамайсыз.
Сіз экспортты басқару заңдары мен шектеулеріне қатысты қолданыстағы барлық ұлттық және халықаралық заңдарды, оның ішінде межелі орын, соңғы пайдаланушы және соңғы пайдалану жөніндегі барлық шектеулерді сақтауыңыз қажет. Біз экспортты басқару жөніндегі осындай кез келген заңдар мен шектеулерді орындау мақсатында сіздің веб-сайтқа немесе оның қандай да бір бөлігіне қатынасуыңызды кез келген уақытта кідірту, шектеу немесе тоқтату құқығын сақтаймыз.
OPPO қолданыстағы қандай да бір заңды, регламентті, заң процедураларын немесе мемлекеттік талаптарды орындауға қажет болған кез келген ақпаратты ашу құқығын сақтайды. Сондай-ақ, OPPO қолданыстағы заңмен талап етіледі немесе рұқсат етіледі деп санаса, ол сіздің ақпаратыңызды ашуы, оның ішінде алаяқтықтың алдын алу мақсатында өзге компаниялармен және ұйымдармен ақпарат алмасу мақсаттарында бөлісуі мүмкін.
OPPO компаниясы веб-сайт немесе веб-сайтта не веб-сайт арқылы қамтамасыз етілетін кез келген қызметтер арқылы жасалатын кез келген беріліс немесе хабар алмасу құқығын сақтайтынын, және сондай-ақ, келесідей жағдайларда деректерді аша алатынын растайсыз және осыған келісесіз: Бұл заңмен талап етіледі немесе OPPO компаниясының тек осылай істеу арқылы келесілерді орындай алатынын ойлауға жақсы себебі бар: (1) Заңды процедураларға бағыну; (2) Пайдалану хаттамасын орындау; (3) Мұндай деректер өзге тұлғалардың құқықтарын бұзды деген шағымдарға жауап беру; Немесе (4) OPPO компаниясы мен оның қызметкерлерінің, веб-сайтқа кірушілердің құқықтарын, жеке меншік құқығын немесе жеке қауіпсіздігін сақтау.
Егер OPPO сізді осы пайдалану хаттамасын немесе веб-сайт қолданысына қатысты қандай да бір басқа хаттаманы немесе нұсқаулықты бұзды деп ойласа, OPPO компаниясы өз білгенінше және алдын ала ескертпестен, сіздің веб-сайтқа қатынасыңызды тоқтатуы және/немесе болашақта веб-сайтқа қатынасуыңызды болдырмауы мүмкін. Осы пайдалану хаттамасын бұзуыңыз заңсыз әрі орынсыз іскери әрекетті құрайды және ақшалай өтемақымен қалпына келтірілмейтін OPPO өніміне зақым келтіреді, мұндай жағдайда OPPO компаниясы қажетті немесе орынды деп тапқан шамада соттың тайым салуына немесе осыған балама жағдайға өтінім беруі мүмкін. Бұл қорғаныс құралдары ағымдағы жалпы заң аясында OPPO компаниясына қолжетімді болған барлық өзге қорғаныс құралдарына толықтыру болып табылады және OPPO компаниясына қолжетімді болған өзге қорғаныс құралдарымен қоса, OPPO сізден ақшалай қаражатты қайтарып алу құқығына ие болады және сіз барлық қисынды адвокат ақылары мен сот шығындарын төлеуге келісесіз. Осы хаттаманы бұзуы нәтижесінде веб-сайтқа қаынасуыңызды тоқтатуға OPPO компаниясының сіздің немесе өзге тұлғалардың алдында жауапты болмайтынына келісесіз.