Мазмұнға өту

II Хакам

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

II Хакам
араб.: الحكم الثاني
II Хакам
Лауазымы
Кордоба халифатының 2-ші халифі
961 — 976
Ізашары III Әбдіррахман
Ізбасары II Хишам
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 13 қаңтар 915 (0915-01-13)
Қайтыс болуы 16 қазан 976 (0976-10-16) (61 жас)
Династия Умәйя әулеті
Әкесі III Әбдіррахман
Балалары II Хишам
II Хакам Ортаққорда

II әл-Хакам (әл-Мустансир биллаһ Әбу әл-Қазы Хакам ибн Әбдіррахман, араб.: الحكم الثاني‎,915976 ) — Кордоба халифатының 2-ші халифі (961—976), III Әбдіррахманның ұлы, Умәйя әулетінің мүшесі.

Негізінен әл-Хакам әкесінің саясатын жалғастырған. Мұсылман Испанияның мәдение тұрғыда гүлденуі жалғасын тапты. Халифтің өзі ғылым мен библиографияға аса жіті қызығушылық танытқандықтан 400 мыңнан астам дана кітап сақталған Кордоба кітапханасы мұсылман әлеміндегі ең ірі кітапханаға айналды. Хакамның тұсында көптеген құнды әдебиеттер көне грек және латын тілдерінен араб тіліне аударылып жарыққа шықты.

Сонымен қатар халифа Хакам билеген жылдары ауыл шаруашылығы дамып, ирригациялық құрылымдар жүйесі кеңейді. Мескита мешіті және халифа резиденциясы сияқты ірі ғимраттардың құрылысы қолға алынды.

Сыртқы саясаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

II Хакамның тұсында халифатқа викингтер 966 және 971 жылдары екі мәрте шабуыл жасайды. Сондай-ақ Солтүстік Мароккодағы Зиридтер және Фатимидтер хилафатымен күрес жүргізеді. 947 жылы Фатимидтер жеңіліске ұшырайды. Ал Солтүстік Испаниядағы христиандық мемлекеттерде халифат толық әскери үстемдікке ие болды.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кейбір заманауи шетелдік деректерде II Хакамның жас кезінде гомосексуал болғандығы келтіріледі[1]. Ол ашық түрде еркектік гарем ұстаған.[2] Сол себепті Кордоба тағының болашақ мұрагері болмады. Алайда бұл мәселе де шешімін тапты. Халифаға әрдайым еркектің киімін киіп жүретін және «Джафар» деген бүркеніш атқа ие Субх есімді күн тауып береді.[3] Кейін II Хишам дүниеге келеді. Алайда бұл жайлы араб тарихшылары ешбір дерек келтірмейді.

  • Рыжов, Константин. Әлем монархиялары. VII-XV ғғ. Мұсылман Шығыс — М.: Вече, 2004. — 544 б.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Louis Crompton, Homosexuality and Civilisation, Harvard, 1990
  2. Encyclopedia of Medieval Iberia, ed. Michael Gerli (New York: Routledge, 2003), 398—399
  3. Évariste Lévi-Provençal, Histoire de l’Espagne musulmane, Paris, 1950

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]