25 тамыз
Көрініс
|
Тамыздың 25 — Григориан күнтізбесінде жылдың 237-ші күні (кібісе жылдарда 238-ші). Жылдың аяғына 128 күн қалады.
Мейрамдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1580 — Испандықтар Португалияны Испанияға қосып, Лиссабон қаласын алды.
- 1718 — Солтүстік Америкада француздар Жаңа Орлеан қаласының негізін қалады.
- 1825 — Уругвай Бразилиядан тәуелсіз екенін жариялады.
- 1837 — АҚШ үкіметі Техасты штаттар құрамына қабылдаудан бас тартты.
- 1921 — АҚШ Германиямен бейбітшілік келісім шартына қол қойды.
- 1960 — Рим қаласында XVII Олимпиялық ойындар басталды.
- 1991 — Linux операциялық жүйенің туған күні болып есептеледі.
Дүниеге келгендер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1841 — Эмиль Теодор Кохер (1917), Швейцария хирургі, физиология және медицинадан 1909 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1850 — Шарль Рише (1935), француз иммунологы және физиолог, 1913 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1900 — Ханс Адольф Кребс(1981), неміс-ағылшын биохимигі, физиология және
медицинадан 1953 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1916 — Фредерик Чапмэн Роббинс (en:Frederick Chapman Robbins) (2003), америкалық вирусолог, физиология және медицинадан 1954 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1928 — Герберт Крёмер, неміс физигі, 2000 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
Қайтыс болғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1776 — Дэвид Юм (1711), шотландық философ, тарихшы
- 1867 — Майкл Фарадей (1791), ағылшын физигі және химик
- 1900 — Курода Киётака (1840), жапон мемлекеттік қайраткері, Жапонияның екінші премьер-министрі.
- 1984 — Трумен Капоте (1924), америкалық жазушысы.