Мазмұнға өту

Өлі аймақ (роман)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Өлі аймақ» (ағылш. The Dead Zone) — америкалық жазушы Стивен Кингтің детектив және қорқыныш элементі бар саяси триллер жанрында жазылған романы. Алғаш рет 1979 жылы Viking Press баспасы басып шығарды. Бұл Кингтің басылған бесінші романы еді, әрі Кингтің The New York Times газетіндегі бестселлерлер тізімінде көш бастаған тұңғыш шығармасы болды. Оқиға желісі бойынша, басты кейіпкер Джонни Смит көлік апатынан кейін бес жылға комаға түседі. Оянғаннан кейін ол болашақты болжай алатын қасиеті бар екендігін байқады. Ол саясаткер Грег Стилсонмен кездесіп, оның Үшінші дүниежүзілік соғысты бастайтынын болжаған.

«Өлі аймақтың» идеясы саяси кісі өлтірушінің дұрыс жасауы мүмкін екендігін ойлағаннан кейін пайда болды. Жазушы Джон Кеннедидің өлімінен кейін халықтың «мылтық ұстаған адамға» деген көзқарасын өзгерткісі келгені білінеді. Шығарманың түпкі ойы бір қарағанда өлтірушіні ақтауға тырысады. Автор бұл жұмысын мақтан тұтып, өзінің ең алғашқы нағыз романы деп есептеген. Кингтің ойынша басты кейіпкердің бейнесі «халықтан шыққан адамға» жақын болуы керек еді. Сол кездері негізгі антогонист қорқынышты, жиіркенішті болу керек болатын. Соңғының саяси образы Ричард Никсонге келеді. Шығарма үздік фэнтези роман номинациясында «Локус» жүлдесіне ұсынылды.

Әдеби сыншылар «Өлі аймақты» жазушының ең үздік шығармаларының бірі деп есептеді. Романның жақсы жақтары деп антагонистті, сюжетті жалған нотасыз және тежеусіз баяндауды, кішігірім көлемі мен кинематографтығын атады. Шығарманың ең басты тақырыптарының бірі — туындап жатқан саяси катастрофа. Кітаптың табысқа жетуі автордың абыройын бекітті. Роман екі рет экранизацияланған: бірінші рет 1983 жылы кинофильм форматында режиссёр Дэвид Кроненбергпен, екінші рет — USA Network-те 2002-2007 жылдары көрсетілген аттас сериалда[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Grady Hendrix. The Great Stephen King Reread: The Dead Zone  (ағыл.). Tor.com (6 December 2012). Тексерілді, 30 тамыз 2015.