Әл-Әузағи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
al-Auzai

Әбу Амр Абдуррахман ибн Амр әл-Әузағи (704-774) — табиғиндер ұрпағының атақты фақиһы, Шам өлкесінің ең ұлы мұсылман ғалымдарының бірі. Жастайынан жетім қалған әл-Әузағи, бастапқыда Йамамада сабақ берген Йахйа ибн Әбу Касирден білім алады. Оның зеректігін көрген Йахйа ибн Әбу Касир оған Басра қаласына барып білім алуына кеңес береді. Бірақ Басраға жеткен кезінде әл-Хасан әл-Басри қайтыс болған боп шығады, ал Мұхаммед ибн Сирин қатты сырқатқа ұшырап қалады. Әл-Әузағи Ата ибн Әбу Рабахтан, Ибн Шиһаб әз-Зуһриден, Макхулден, Қатададан білім алады. Оның атынан хадистерді Суфйан әс-Сәури, Малик ибн Әнәс, Абдуллаһ ибн әл-Мубарак және т.б. ғалымдар жеткізеді. Әл-Әузағидің діни ықпалы Шам өлкесінде өте үлкен болып, оның шәкірттері қазіргі күнге шейін жетпеген Әузағи мазһабы аталып кеткен фиқһ мектебін құрады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]