Әл-Хаким би Амри-Лләһ
Әбу Әли Мансур ибн әл-Азиз би Амри-Лләһ, әл-Хаким би Амри-Лләһ аталып кеткен фатима әулетінің исмаилиттік халифасы. Халифатты 996-1021 жж. аралығында басқарған. Һижра бойынша 386 ж. Рамазан айында таққа отырғанда әл-Хакимның жасы небәрі 11-де болған.
Әл-Хакимның реформалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әл-Хаким көп әйел алуға тыйым салып, Ислам дінінде рұқсат болған 4 әйелге дейін үйлену практикасы тек қиын жағдайларда жүзеге асу керек деп шешті.
Сонымен қатар әл-Хаким билікте тұрған исмаилиттік құқық жүйесі мен сүнниттердің құқық жүйесін бір дәрежеде бекітті.
Әл-Хакимнің жүргізген реформалары жақындастарының арасында араздық туғызып, радикалды исмаилиттер сарайды тастап Ливанның тауларына тығылып, үгіт-насихат жүргізе бастады.
Әл-Хакимның жоғалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өмірінің соңғы жылдары әл-Хаким би Амри-Лләһ дүниеден безіп, түн батқанда медитация жасауға шығатын. 1021 жылы 36 жасында әл-Хаким әл-Қаһираның қасындағы әл-Мукаттам төбесіне аттанып, содан қайтып келмеді. Іздеу барысында оның қанға былғанған киімі мен есегі ғана табылды. Оның қайда жоғалғаны әлі күнге шейін құпя қалпында сақтаулы. Друздар әл-Хаким өлген жоқ, ол уағызын жалғастырып, көзқарастарын шәкірті Хамзаға баяндаған деп есептейді. Олардың діни сенімі бойынша әл-Хаким қиямет күні Мәһди болып қайтып келеді[1].