ҰТРК

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қырғыз Республикасының Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы
қыр. Кыргыз Республикасынын Улуттук телерадиоберүү корпорациясы (УТРК)
Басшылары
Бас директоры

Болатбек Тіллебаев

Құрылуы
Радио

1927 жыл

Телевизия

1958 жыл

utrk.kg

Бішкек, Жас Гвардия бульвары, 59

Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы (ҰТРК)Қырғыз Республикасындағы телерадио хабарларын тарататын ең ірі корпорация. Ұйым «Улуттук биринчи канал», «УТРК Музыка», «Баластан», «УТРК Маданият», «УТРК Спорт», «Ала-Тоо 24» телеарналары, «Биринчи Радио», «Кыргыз Радиосу», «Миң Кыял FM» радиостанцияларын және 7 облыстық телерадиокомпанияны біріктіреді. Сонымен бірге корпорация құрамына Республикалық телерадиоорталық пен «Қырғызтелефильм» студиясы кіреді.

Корпорация тарихы 1931 жылдан басталады. Сол жылы 20 қаңтарда Қырғыз радиосы ресми түрде ашылды. 1933 жылы Қырғыз АКСР Халық комиссарлар кеңесінің жанынан Радиофикация және радио хабарларын тарату жөніндегі комитет құрылды.

1957 жылы Қырғыз КСР Министрлер Кеңесі жанынан Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі комитет құрылып, 1958 жылы Фрунзе телестудиясы жұмысын бастады.

1991 жылы комитет орнына Қырғыз Республикасының Мемлекеттік телерадиокомпаниясы құрылды. 1993 жылы ол Мемлекеттік ұлттық телерадио хабарларын тарату компаниясына, 1998 жылы Мемлекеттік телерадиокорпорацияға айналды.[1]

Кейін 2003 жылы Ұлттық телерадиокорпорация, 2006 жылы Мемлекеттік телерадиокомпания, 2007 жылы қайтадан Ұлттық телерадиокорпорация болып өзгерді.

2010 жылы Сәуір революциясынан кейін Қырғыз Республикасының Қоғамдық телерадио хабарларын тарату корпорациясы болып өзгертілді.

2022 жылы Президент жарлығымен қайтадан Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясына айналды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]