Үлкен Юган

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Үлкен ЮганОбь өзенінің сол саласы, Ресейдің Түмен облысындағы өзен. Ұзындығы 1063 км, алабының ауданы 34, 7 мың км². Басын Васюгань батпағынан алып, Батыс Сібір жазығының орталық бөлігімен ағады. Негізгі оң саласы — Кіші Юган. Угут селосы тұсындағы орташа су ағымы 143 м3/с. Қазан — қараша айларынан сәуір — мамыр айларына дейін мұз құрсанып жатады. Үлкен Юган алабында жалпы ауданы 545 км² болатын 7,5 мыңнан астам көл бар. Сағасынан 457 км-ге дейін кеме жүзеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том