Мазмұнға өту

Құртқашаштар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құртқашаштар
Қазбалық ауқымы: 60 Ma Early Paleogene - Recent
Iris pseudacorus
Iris pseudacorus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
(unranked) Monocots
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Iridaceae
Juss.
Кіші тұқымдастары мен тайпалары

Құртқашаштар тұқымдасы (лат. Iridaceae) – дара жарнақтылар класына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер бетінде Құртқашаштар тұқымдасының 80 туысы 1800-ге жуық түрі бар. Бұлар тропиктік, субтропиктік және қоңыржай салқын аймақтарда кең тараған, негізінен, Оңтүстік Африка, Жерорта теңізінің маңайы, Батыс және Шығыс Азия, Оңтүстік және Оңтүстік Америкада өседі. Қазақстанда Құртқашаштар тұқымдасының 5 туысқа жататын 36 түрі бар. Бұл тұқымдастың негізгі түрлері Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында, таулы өлкелерінде кездеседі.

Төрт түрі Қазақстанның эндемиктері (Альберт құртқашашы, Людвиг құртқашашы (І. ludvіgіі), Кушакевич шиқылдағы (Juno huschakewіctіі), Алматы шиқылдағы) болып табылады. Қосжынысты. Гүл серігі тек күлте жапырақшаларынан тұратын гүл тәжі сияқты, ұзын түтікшелі және әр түрлі ішкі және сыртқы 6 бөліктен тұрады. Таспа тәрізді ұзынша тозаңқапты аталықтарының саны — үшеу, кейде 3, жеке-дара немесе бірігіп келеді. 3 ұялы аналық түйіні төмен орналасқан. Жемісі — көп тұқымды, сопақша, шытынағыш қауашақ; тұқымы — негізінен дөңгелек, кейде қырлы-бұрышты, ұрығы шағын, ақуызды.

Жылжымалы немесе түйін түзуші етті тамырсабақты, жапырағы таспа пішінді. Құртқашаштар тұқымдасының басым көпшілігі шаруашылықта әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктер ретінде кеңінен пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том